«Жібек жолындағы өркениеттер үндестігі» атты халықаралық форум

2020 жылдың 19 қазанында ұлы ойшыл және ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өту шеңберінде Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтан қаласында онлайн режимде «Жібек жолындағы өркениеттер үндестігі» атты халықаралық форум өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның, сонымен қатар Иран Ислам Республикасының Ұлттық комиссияның қолдауымен Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырды.

Форумға әлемнің 30 мемлекетінің ғалымдары қатысты. Форум барысы әлемнің алты тіліне ілеспе аудармамен қамтылып, әлеуметтік желілерге таратылды.

Толық ақпаратты https://www.inform.kz/ru/mezhdunarodnyy-forum-o-nasledii-al-farabi-proshel-v-nur-sultane_a3708140 сайтынан алуға болады.

Жарияланған күні

21 қазан 2020

Жаңарту күні

21 қазан 2020

Қызмет бағыты