Жалпы ақпарат

Кәріпов Дәурен Айтбайұлы
Кәріпов Дәурен Айтбайұлы

Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

Елшілік туралы

Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшілігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 10 желтоқсанда орнатылды.

2019 жылы шілде айында Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшілігі ашылды.

2023 жылғы 23 қазаннан бастап Қазақстанның Латвиядағы Елшісі болып Д.Кәріпов тағайындалды.

Елшіліктің басты міндеті – екіжақты өзара әрекетесттіктің барлық спектрі бойынша қазақстандық-латвиялық ынтымақтастықты дамыту және нығайту: саясат, экономика, мәдениет, ғылым және білім, туризм және т.б.

Елшілік қызметіндегі басымдықтардың бірі Латвия аумағында тұратын қазақстандық азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады.

Елшіліктің қызметі туралы толық ақпаратты, ынтымақтастықтың басым салалары, негізгі екіжақты құжаттар, инвестициялық мүмкіндіктер, өзара тиімді жобалар, қазақстандық-латвиялық қарым-қатынастың негізгі іс-шаралары туралы толық ақпаратты біздің сайтымыздан таба аласыздар.

 

Қазақстан Республикасының Елшілігі

Екіжақты ынтымақтастық