
әл-Фараби –шығыс философиясының ең ірі өкілдерінің бірі, ұлы ғалым және ағартушы.
Ол 870 жылы Фараб қаласында (қазіргі Қазақстан аумағы) дүниеге келген.
әл-Фараби жастық шағында туған қаласын қалдырып, сол замандағы ислам және араб әлемінің барлық мәдени орталықтарында болып шықты: Бұхара, Мерв, Харран, Александрия, Каир, Бағдат, Алеппо және Дамаск шаһарларында білім алды, өмір сүрді және қызмет атқарды. Өмірінің соңғы жылдарын Дамаскіде өткізіп, 950 жылы сол жерде қайтыс болды. Сол қалада жерленген.
Астрономия, логика, музыка теориясы, медицина, психология, философия және құқық – әл-Фараби қызығушылықтарының өрісі болып табылады.
әл-Фараби – әлемдік масштабтағы тұлға. Ол өзінің сансыз ғылыми және философиялық еңбектерінде араб, парсы, грек, үнді және өзі шыққан түркі мәдениеттерін жақындастырды. әл-Фараби Аристотель мен Платон шығармаларына сансыз түсініктеме берді. әл-Фарабидің басты еңбектері бүгінгі күндерге дейін әлемнің ең таңдаулы кітапханаларында сақталып келеді.
Республикадағы ең ескі және ірі жоғары оқу орындарының бірі - Қазақ ұлттық университетіне(ҚҰУ) әл-Фарабидің аты берілді.
әл-Фараби атындағы ҚҰУ жанындағы «Қазақ университеті» баспа үйі ғылымның әртүрлі салалалры бойынша ұлы ойшыл әл-Фарабидің еңбектерін басып шығарды. Олармен https://onedrive.live.com/?authkey=%21ALPCcHY21TPLMtk&cid=AE92B5FD9E544F15&id=AE92B5FD9E544F15%211260&parId=root&o=OneUp сайтында таныса аласыз.