Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Мәдениет, өнер, ғылым және білім саласындағы өзара іс-қимыл – көпжоспарлы Қазақстан-Латвия ынтымақтастығының басым бағыттарының бірі.

Қазақстан мен Латвия арасындағы мәдени байланыстар 2019 жылы Латвия университетінің Академиялық кітапханасында «Абай» қазақстандық ақпараттық орталығының ашылуымен кеңейді. Орталықта қазақстандық авторлардың әртүрлі көркем, тарихи және ғылыми-танымал әдебиеттері ұсынылған. Абай шығармалары латыш және ағылшын тілдеріне аударылған.

Балтық Халықаралық Академиясының «BiArt» галереясында тұрақты негізде «Қазақстан-Латвия» көркемсурет көрмесі тұрақты түрде жұмыс істейді, онда 36 танымал қазақстандық суретшілердің 50-ден астам жұмыстары ұсынылған.

Қазақ тілін, ұлттық мәдениетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптеуде Елгавадағы «Сәуле» қазақстандық мәдени орталығы маңызды рөл атқарады. Аталған Орталықта түрлі іс-шаралар, соның ішінде фотокөрмелер, Қазақстан тарихы мен мәдениеті бойынша семинарлар мен дәрістер үнемі өткізіліп тұрады.

2 мыңнан астам қатысушысы бар Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына тәнті болған «Dimash Latvia Dears» атты латвиялық жанкүйерлер клубы Елшілікпен белсенді ынтымақтастықтарын жүргізуде. Клубтың бастамасымен 2021 жылы Латвия университетінің жанындағы «Babite» ботаникалық бағында «Qazaqstan» рододендрон жаңа сортының алғашқы селекциялық бұталары отырғызылды.

2022 жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай «Латвиялықтар Қазақстан туралы» альбомы жарық көріп, онда Латвияның көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, бизнес элитасы, мәдениет, ғылым және білім өкілдері еліміз туралы жағымды пікірлерін қалдырды.

2022 жылы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына, Роза Бағланованың 100 жылдығына және Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына, сондай-ақ Қазақстан мен Латвия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай іс-шаралар өтті.

2022 жылғы қарашада Ригада халықаралық Қазақстан-Латвия жобасы болып табылатын «Тапсырмаларда берілген Тоғызқұмалақ негіздері» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Сол жылы Латвияда Олайне қаласында «Тоғызқұмалақ» бойынша ұлттық федерациясы ресми түрде тіркелді.

Екіжақты мәдени-гуманитарлық байланыстарда ғылым және білім саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылады. 2023 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының президенті К.Закарияның Латвияға сапары ғылыми байланыстарды дамытуға жаңа серпін берді. Сапар аясында К.Закарья «Ашық инновациялар: адам шығармашылығынан инновациялық экономикаға» атты VI Халықаралық экономикалық форумға қатысты. Латвия Республикасы Ғылым Академиясының президенті және Ғылыми Кеңесімен кездесулер өтті. Екі елдің ғылым академиялары арасында Қазақстан мен Латвия ғалымдары арасында өзара әрекеттесуді белсендіруге, бірлескен жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу мекемелерінің желісі бойынша ынтымақтастыққа бағытталған меморандумға қол қойылды.

Екі елдің Білім министрліктері арасында ынтымақтастық туралы келісімі қолданылады. Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Латвия үкіметаралық комиссиясы шеңберінде білім беру және ғылыми байланыстарды дамытудың маңызы зор.

2023/2024 оқу жылында Латвияның жоғарғы оқу орындарында Қазақстаннан азаматтық авиация, көлік және логистика, медицина, инженерия сияқты пәндер бойынша 190 студент күндізгі және сырттай оқуда білім алуда.  Жыл сайын тараптар студенттер үшін Қазақстан мен Латвияның жоғарғы оқу орындарында оқу үшін мемлекеттік гранттар ұсынады.

2023 жылғы мамырда қазақстандық студенттер мен диаспора өкілдері Латвия астанасы Ригада өткен хоккейден Әлем чемпионатына қатысқан шайбалы хоккейден қазақстандық құраманы қолдау мақсатында жарқын және есте қаларлық флэшмоб өткізді. Мұз аренасының алдында Ригаға арнайы жеткізілген Қазақстанның ең үлкен (800 шаршы метрді құрайтын) туы  жайылды. Мұндай ауқымды акция алғаш рет шетелде өткізілді.

Екі елдің мәдениет қайраткерлерінің Қазақстанда да, Латвияда да өткізілетін түрлі іс-шараларға – фестивальдерге, концерттерге, конкурстарға қатысуы өзара қызығушылық тудыруда.

2023 жылғы қыркүйекте Латвияда «Қазақтар» атты КВН құрама командасының гастрольдері үлкен табыспен өтті.

Қазақстаннан келген жас дарындар жыл сайын осы беделді байқаудың лауреаттары мен жүлдегерлері бола отырып, «Рига симфониясы» Халықаралық балалар ән-музыка фестиваліне қатысуда.

Документы
Новости
Полезные материалы
Академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы
"Казахстан отмечает день Конституции" атты мақала
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
Медиагалерея
1
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған викторинасы
10
Латвиядағы қазақстандықтар Наурыз мейрамын атап өтті
События
12 декабря
Ригада Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары