Меню

Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі

Құрметті отандастар, студенттер, чех ресми, іскерлік және қоғамдық топтарының өкілдері!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің ресми сайтында құттықтауға қуаныштымын.

Бүгінде біздің дипломатиялық өкілдігіміз тек мемлекетаралық диалог алаңы ғана емес, сонымен қатар қазақстандық-чехиялық қарым-қатынасқа шынайы қызығушылық танытатын Қазақстан, Чехия және басқа елдердің азаматтарымен байланыс жасаудың ашық арнасы болып табылады. Дәл осы себепті біз өз сайтымызды Елшіліктің қызметі, өзара тиімді қазақстандық-чехиялық ынтымақтастықтағы негізгі оқиғалар, консулдық мәселелер, сондай-ақ бизнес, білім, ғылым, мәдениет пен туризм саласындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктері туралы өзекті ақпараттың қолайлы әрі сенімді көзіне айналдыруға ұмтыламыз.

Қазақстан мен Чехияны саяси деңгейдегі өзара құрмет, сенім және өзара тиімді ынтымақтастыққа ұмтылысқа негізделген серпінді әрі сындарлы диалог ерекшелендіреді. Сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылыми-білім беру және мәдени салалардағы байланыстар үздіксіз кеңейіп келеді. Елшілік мемлекеттік институттар, іскерлік қоғамдастық, академиялық орта және елдеріміздің қоғамдық ұйымдары арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуға ерекше мән береді, себебі дәл осындай арналар ұзақ мерзімді әріптестіктің берік негізін қалыптастырады.

Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау біздің жұмысымыздың сөзсіз басымдығы болып қала береді. Біз Чех Республикасында тұратын немесе уақытша жүрген қазақстандық студенттерге, отандық кәсіпкерлер мен отандастарға қажетті консулдық көмек пен туындайтын мәселелерді шешуге жәрдем көрсетуге ерекше көңіл бөлеміз. Сонымен қатар Елшілік Чех Республикасы мен басқа мемлекеттердің азаматтарына Қазақстан Республикасына кіру және онда болу мәселелері бойынша қажетті жәрдем көрсетуге дайын.

Қазіргі Қазақстан ауқымды ішкі өзгерістерді жүзеге асыра отырып, теңгерімді әрі сындарлы сыртқы саясат арқылы өзінің халықаралық рөлін нығайтып, өз елі мен Орталық Азияның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа мүмкіндіктер аша отырып, сенімді түрде алға қарай дамып
келеді. Өз кезегінде, дос Чех Республикасының жетістіктері даусыз. Бүгінде Қазақстан мен Чехия әрқайсысы өз аймағында тұрақтылық, қауіпсіздік және болжамдылықтың тірегі бола отырып, диалог, өзара құрмет пен сындарлы ынтымақтастықты жүйелі түрде қолдап келеді. Дәл осы ортақтық біздің елдеріміздің одан әрі жақындасуына ықпал етіп, халық, бизнес және қоғамдық бастамалар үшін жаңа перспективалар ашады.

Осы сайттың сіздер үшін қажетті ақпарат алудың сенімді көмекшісіне және Елшілікпен әрі қазақстандық дипломаттармен қарым-қатынас жасаудың тиімді құралына айналатынына үміттенемін. Сіздерді Қазақстан мен Чехия үшін өзара қызығушылық тудыратын маңызды оқиғалар, бірлескен жобалар мен іс-шаралар туралы үнемі баяндайтын Facebook, X (Twitter) және Instagram желілеріндегі ресми беттерімізде көргенімізге қуаныштымыз.

Сіздерге амандық, барлық бастамаларыңызда табыс және зор жеке бақыт тілеймін. Қайда жүрсеңіздер де, Қазақстанмен байланысыңыз әрқашан берік болып, бірлескен жетістіктерге жаңа көкжиектер ашсын.

Құрметпен,
Қайрат Әбдірахманов
Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы
Төтенше және Өкілетті Елшісі

Мекенжай Pod Hradbami 662/9 160 00 Praha 6, Střešovice
Телефон  
E-mail prague@mfa.kz; kzembas@gmail.com 
Консулдық бөлім туралы мәлімет  
Телефон  +420 233 375 643
E-mail consul.prague@mfa.kz, kazconsulprague@gmail.com
1
Пресс центр
Қазақстан мен Чехия: машина жасау саласындағы өнеркәсіптік әріптестікті дамытудың жаңа мүмкіндіктеріҚазақстан мен Чехия: машина жасау саласындағы өнеркәсіптік әріптестікті дамытудың жаңа мүмкіндіктері
Прагалық хайуанаттар бағы өзінің мерейтойын және «Жабайы жылқыларды қайта жерсіндіру» жобасының 15 жылдығын атап өттіПрагалық хайуанаттар бағы өзінің мерейтойын және «Жабайы жылқыларды қайта жерсіндіру» жобасының 15 жылдығын атап өтті
Қазақстан мен Чехия көші-қон саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқыладыҚазақстан мен Чехия көші-қон саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Қазақстан делегациясы Прагада өткен ЕҚЫҰ Экономика және қоршаған орта форумының 32-ші отырысына қатысты.Қазақстан делегациясы Прагада өткен ЕҚЫҰ Экономика және қоршаған орта форумының 32-ші отырысына қатысты.
Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуына орай Шартқа мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің БІРЛЕСКЕН МӘЛІМДЕМЕСІ (2026 жылғы 8 қыркүйек)Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуына орай Шартқа мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің БІРЛЕСКЕН МӘЛІМДЕМЕСІ (2026 жылғы 8 қыркүйек)
Направления
Екіжақты қарым-қатынастар
Шарттық-құқықтық база
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
COVID-19
Абай175
Консульские и визовые вопросы (НЕ ВЫБИРАТЬ, НЕ УДАЛЯТЬ)
Қазақстан Республикасы азаматтары үшін
Шет ел азаматтары үшін
Шетелге шығатын ҚР азаматтарына арналған жадынама
Полезные ссылки
Документы
Заявление на утрату гражданства РК
2020-12-20T00:00:00Z
Анкета временного консульского учета
2020-07-23T00:00:00Z
Анкета постоянного консульского учета
2020-07-23T00:00:00Z
Вакансии
Календарь событий
2024-10-19
Прагадағы Қазақстандық кино күніне шақырамыз! 🇰🇿🎬
2025-05-06
FORTE TRIO – Қазақстанның Мемлекеттік триосымен музыкалық кеш
2025-05-29
Астана халықаралық форумы 2025
Услуги
Слайды
АҚ ҰҚ "Kazakh Invest"
АҚ ҰҚ "Kazakh Invest"
Қазақстан сауда порталы
Қазақстан сауда порталы
Страницы
Елшілік туралы
Байланыс ақпарат
Екіжақты ынтымақтастық
Консулдық мәселелер
Реализуемые проекты
Социальные медиа
Facebook
Instagram
youtube
Twitter
Telegram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары