🎬 ПРАГАДАҒЫ ҚАЗАҚ КИНОСЫ КҮНДЕРІ 🗓 2025 жылғы 18–19 қараша


Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі Қазақ киносының күндеріне шақырады. Іс-шара 2025 жылғы 18-19 қарашада Прага қаласында өтеді.
Бағдарламада заманауи картиналармен қатар 1963 жылғы классикалық фильм мен тарихи драма ұсынылады. Көрсетілімдер қазақ мәдениетінің байлығы мен көпқырлылығын паш етеді.
🎞 Көрсетілім кестесі:
2025 жылғы 18 қараша
16:00 - «Паралимпиадашы» (орыс тілінде, ағылшын субтитрлерімен)
19:30 - «Бауырына салу» (қазақ тілінде, ағылшын субтитрлерімен)
2025 жылғы 19 қараша
14:30 - «Менің атым Қожа» (орыс тілінде, ағылшын субтитрлерімен)
16:30 - «Жаужүрек мың бала» (қазақ тілінде, ағылшын субтитрлерімен)
🎟 Кіру тегін.
Орын саны шектеулі.
📱 Тіркеу афишадағы QR-код арқылы жүргізіледі.
30 қазан 2025
Kino 35 кинотеатры (Štěpánská 644, 110 00 Nové Město)
Кино