Жалпы ақпарат

Ақтан Айбат Батыржанұлы
Ақтан Айбат Батыржанұлы

Қазақстан Республикасының Пхукет қаласындағы консулы - Консулдықтың басшысы

Консулдық туралы

Қазақстан Республикасының Пхукет қаласындағы консулдығы 2025 жылғы 30 қаңтардан бастап жұмыс істейді.

Консулдықтың негізгі міндеттері:

• Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау;

• консулдық-құқықтық кеңестер беру, консулдық және мемлекеттік қызметтер көрсету;

• Қазақстан мен Таиланд арасындағы әртүрлі салалардағы байланыстарды дамытуға жәрдемдесу.

Консулдықтың консулдық округі Таиланд Корольдігінің 14 оңтүстік провинциясын қамтиды: Чумпхон, Краби, Накхонситхаммарат, Наратхиват, Паттани, Пхангнга, Патхалунг, Пхукет, Ранонг, Сатун, Сонгкхла, Сураттхани, Транг және Яла.

 

 

Екіжақты ынтымақтастық