Қазақстан мен Таиланд халықтар арасындағы достық қатынастарды нығайтуға ықпал ететін мәдени-гуманитарлық байланыстарды белсенді түрде дамытып келеді.
Осы ынтымақтастық аясында көрмелер, концерттер, кинофестивальдер және шығармашылық ұжымдардың гастрольдері сияқты мәдени шаралар тұрақты түрде өткізіледі.
2017 жылы дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелеріне арналған визасыз режим туралы келісім күшіне енді, ал 2024 жылы ұлттық паспорт иелері үшін де визасыз режим енгізіліп, азаматтардың өзара сапарларын айтарлықтай жеңілдетті.
Қазақстанның ірі қалалары (Алматы, Астана, Шымкент) мен Таиландтың танымал туристік бағыттары (Бангкок, Пхукет, Паттайя) арасында тұрақты тікелей рейстер орындалады.
Жыл сайын Таиландқа 200 мыңға жуық қазақстандық туристтер келеді.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Таиланд әртүрлі конфессиялар арасындағы өзара түсіністікті нығайту бастамаларын қолдай отырып, аралық дінаралық диалогты белсенді дамытып келеді.
Буддашылардың дүниежүзілік қауымдастығының өкілдері мен Таиландтың жетекші буддистік ұйымдарының басшылары бірнеше рет Қазақстанға келіп, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне, сондай-ақ халықаралық конференцияларға қатысты.