Жалпы ақпарат

Абаев Дәурен Әскербекұлы
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Елшілік туралы
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қазанда орнатылды.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі 1992 жылы ашылды.
Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Бас консулдығы Санкт-Петербор, Қазан, Астрахань, Омбы, Екатеринбург қалаларында, ҚР Құрметті консулдары Ленинград және Псков облыстарында, сондай-ақ Түмен қаласында жұмыс істейді.
2023 жылғы 3 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абаев Дәурен Әскербекұлы болып табылады.