Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Басты және жоғары деңгейдегі екіжақты байланыс

Жалпы ақпарат

Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін 1991 жылы мойындады.

1992 жылы 22 қазанда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1992 жылы Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды.

1992 жылы Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының Елшілігі ашылды.

Ресей Федерациясының Санкт-Петербург, Қазан, Астрахан, Омбы, Екатеринбург қалаларында Қазақстан Республикасының Бас консулдықтары, Ленинград, Псков, Түмен, Новосибирск, Калининград облыстарында, Пермь өлкесінде, Алтай өлкесінде, Татарстанда және Башқұртстанда, Ханты-Мансийск автономиялық округінде Қазақстан Республикасының Құрметті консулдары жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының Алматы, Өскемен және Орал қалаларында Ресей Федерациясының Бас консулдықтары бар.

2023 жылғы 3 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Абаев Дәурен Әскербекұлы тағайындалды.

2018 жылғы 7 ақпаннан бастап Алексей Николаевич Бородавкин Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарады.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қарым-қатынас серпінді дамып келеді және ынтымақтастықтың көптеген салаларын қамтиды. Екіжақты байланыстар мен ынтымақтастық кең көлемді шарттық-құқықтық базамен реттеледі (400-ден астам шарттар мен келісімдерге қол қойылды).

Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт (1992), XXI ғасырға бағдарланған мәңгілік достық пен одақтастық туралы декларация (1998) негізгі Қазақстан-Ресей құжаттар болып табылады.

Қазіргі кезеңде 2013 жылы екі елдің президенттері қол қойған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ХХІ ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы шарт стратегиялық әріптестіктің негізі болып табылады.

2025 жылғы 12 қарашада ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Мәскеуге мемлекеттік сапары аясында, екі ел басшыларының келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекетаралық қарым-қатынасын жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне дейін жеткізу жөніндегі декларацияға қол қойылды.  

Басты және жоғары деңгейдегі екіжақты байланыс

2025 жыл: 

2025 жылы екі ел басшылары арасындағы байланыстардың жоғары қарқындылығы дәстүрлі түрде сақталды:

8–9 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысу үшін Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барды.

11–12 қарашада Қ.Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары өтті.

21–22 желтоқсанда Қ.Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына және ТМД-ға қатысушы мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен барды.

Сонымен қатар, 10 қазанда Қ.Тоқаев пен В.Путин Душанбе қаласында ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы және «Орталық Азия – Ресей» саммиті аясында екіжақты кездесу өткізді.

Сондай-ақ 2025 жылы мемлекет басшылары арасында 10 телефон арқылы сөйлесу өтті: 6 наурыз, 17 сәуір, 17 және 28 мамыр, 8 және 17 тамыз, 26 қыркүйек, 7, 14 және 27 қазан.

Екіжақты нәтижелі байланыстар басқа деңгейлерде де жүзеге асырылды.

Үкімет басшылары деңгейінде:

29–31 қаңтарда Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы М.Мишустин ЕАЭО Үкіметаралық кеңесінің отырысына және Халықаралық цифрлық форумға қатысу үшін Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О.Бектеновпен екіжақты келіссөздер өткізілді.

20–21 сәуірде О.Бектеновтің Мәскеу қаласына ресми сапары өтті.

24–25 шілдеде О.Бектенов халықаралық экологиялық конференцияға қатысу үшін Алтай Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында М.Мишустинмен екіжақты кездесу өтті.

17–18 қарашада О.Бектеновтің ШЫҰ Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Мәскеу қаласына жұмыс сапары жүзеге асырылды.

11–12 желтоқсанда О.Бектенов ЕАЭО Үкіметаралық кеңесінің отырысына қатысу үшін Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барды.

Парламент палаталары спикерлері деңгейінде:

17–18 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М.Әшімбаев ТМД Парламентаралық Ассамблеясының отырысына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен барды.

28–29 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Е.Қошанов «Ұлы мұра – ортақ болашақ» халықаралық форумына қатысу үшін Волгоград қаласына сапар жасады.

7–8 желтоқсанда Е.Қошановтың ҰҚШҰ Парламентаралық Ассамблеясының отырысына қатысу үшін Мәскеу қаласына сапары өтті.

Сонымен қатар, 13–14 қарашада М.Әшімбаев пен Ресей Федерациясы Федерация Кеңесінің Төрайымы В.Матвиенко Душанбе қаласында өткен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы отырысы аясында екіжақты кездесу өткізді.

Президент Әкімшіліктері деңгейінде:

17 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Е.Қарин «Алтай – түркі өркениетінің бесігі» атты II халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін Горно-Алтайск қаласына сапар жасады. Сапар барысында РФ Президентінің көмекшісі В.Мединскиймен кездесу өтті.

28 қыркүйекте РФ Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, баспасөз хатшысы Д.Песков II Қазақстан-Ресей медиафорумына қатысу үшін сапармен келді. Форум аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Е.Қаринмен кездесу өтті.

21–23 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі К.Есекеев пен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі А.Жанасова бастаған келіссөз тобы Мәскеу қаласына сапар жасады.

Қауіпсіздік кеңестері деңгейінде:

27–29 мамырда Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Хатшысы Ғ.Нұрдәулетов қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік ететін жоғары өкілдердің 13-ші кездесуіне қатысу үшін Мәскеу қаласына сапар жасады.

11–12 ақпанда Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің Хатшысы С.Шойгу Астана қаласына сапармен келді. Сапар барысында Ғ.Нұрдәулетовпен кездесу және Қауіпсіздік кеңестері аппараттары деңгейінде консультациялар өткізілді. Сонымен қатар С.Шойгуды Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев қабылдады.

4 қарашада Ғ.Нұрдәулетов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кезекті кеңесіне қатысу үшін Мәскеу қаласына сапар жасады. Сондай-ақ С.Шойгумен келіссөздер өткізілді.

Сыртқы істер министрлері деңгейінде:

10–11 сәуірде Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі С.Лавров ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына және «Орталық Азия – Ресей» форматындағы сыртқы істер министрлері басшыларының кездесуіне қатысу үшін Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеумен екіжақты келіссөздер өткізілді.

21–22 қазанда жаңадан тағайындалған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Е.Қошербаевтың Мәскеу қаласына ресми сапары өтті. Сапар аясында РФ Сыртқы істер министрі С.Лавровпен, РФ Президентінің көмекшісі Ю.Ушаковпен және РФ Ағарту министрі С.Кравцовпен келіссөздер жүргізілді.

Сонымен қатар 29–30 маусымда Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлері ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы аясында екіжақты кездесу өткізді.

Үкімет басшыларының орынбасарлары деңгейінде:

20–21 қаңтарда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.Скляр Санкт-Петербург қаласына сапар жасап, «Газпром» ПАО Басқарма төрағасы А.Миллермен кездесу өткізді.

25 ақпанда Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары А.Новактың сапары аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О.Бектеновпен екіжақты кездесу өтті. Сондай-ақ А.Новакты Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев қабылдады.

4 сәуірде Р.Склярдың Мәскеу қаласына сапары барысында Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары А.Новакпен кездесу өткізілді.

4–6 сәуірде Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Д.Григоренко Астана қаласына сапармен келді. Сапар барысында О.Бектеновпен, Р.Склярмен және вице-премьер Г.Қойшыбаевпен екіжақты кездесулер өткізілді. Сонымен қатар Д.Григоренко Astana Hub инновациялық технологиялар паркіне және «Kaspi Bank» АҚ-на барды.

8 мамырда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі С.Жұманғарин қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткіштің ашылуына қатысу үшін Волгоград қаласына сапар жасады.

22 мамырда С.Жұманғарин ғылыми-білім беру және инновациялық орталықты аралау мақсатында Новосибирск облысына сапармен барды.

23–24 мамырда С.Жұманғарин Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысына қатысу үшін Мәскеу қаласына сапар жасады.

18–21 маусымда Р.Скляр Санкт-Петербург қаласында өткен Петербург халықаралық экономикалық форумы жұмысына қатысты. 7–10 шілдеде Р.Скляр XV «ИННОПРОМ» халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысу үшін Екатеринбург қаласына сапар жасады.

4 қыркүйекте Р.Скляр X Шығыс экономикалық форумына қатысу үшін Владивосток қаласына сапармен барды.

10 қыркүйекте Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Д.Чернышенконың Астана қаласына сапары аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О.Бектеновпен кездесу өткізілді.

8–9 қазанда Р.Скляр XIV халықаралық газ форумына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына сапар жасады. Сапар барысында А.Миллермен кездесу өтті.

6–8 қарашада Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары А.Оверчук Астана қаласына сапармен келді. Сапар аясында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның С.Жұманғарин мен А.Оверчук теңтөрағалығымен 26-отырысы өткізілді.

10–11 қарашада Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Д.Мантуров Астана қаласына сапармен келді. Сапар барысында О.Бектеновпен және Р.Склярмен кездесулер өткізілді. Сондай-ақ Д.Мантуровты Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев қабылдады.

Парламенттік деңгейде:

20–22 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты делегациясы вице-спикер Ж.Асановтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Палатааралық комиссияның отырысына қатысу үшін Мәскеу және Тверь қалаларына сапар жасады.

9 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Әбіл Татарстан Республикасына Булгар қаласында өткен тарихшылар конференциясына (Тарихшылардың бірлескен жұмыс тобы шеңберінде) қатысу үшін сапармен барды.

9–10 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ж.Әшімжанов ТМД-ның «Пушкин оқулары» халықаралық парламенттік форумына қатысу үшін Мәскеу қаласына сапар жасады.

9–10 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Әбіл Ш.Уәлихановтың 190 жылдығына арналған дөңгелек үстелге қатысу үшін Мәскеу қаласына сапармен барды.

25–26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Е.Бейсенбаев бастаған делегация Мәскеу қаласына сапар жасады. Сапар барысында Ресей Федерациясы Федерация Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары, «Единая Россия» партиясы Бас кеңесінің хатшысы В.Якушевпен, РФ Мемлекеттік Думасы Төрағасының бірінші орынбасары А.Жуковпен, сондай-ақ Мемлекеттік Думадағы «Единая Россия» фракциясының жетекшісі В.Васильевпен кездесулер өткізілді.

25–26 қыркүйекте Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі делегациясы А.Яцкиннің басшылығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен РФ Федерация Кеңесі арасындағы Палатааралық комиссияның отырысына қатысу үшін Өскемен қаласына сапар жасады.

1–2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Ауыл» партиясынан депутаты Н.Арсютин мен НПК партиясынан депутаты А.Нұралин ТМД елдерінің парламентаралық ынтымақтастығы шеңберінде саяси партиялар фракциялары мен блоктарының өзара іс-қимылының рөліне арналған VI халықаралық конференцияға қатысты.

7–8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары делегациясы вице-спикер А.Раудың басшылығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Палатааралық комиссияның отырысына қатысу үшін Мәскеу қаласына сапар жасады.

Мемлекеттік органдар басшылары деңгейінде:

13–16 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы А.Смайылов Ресей Федерациясы Есеп палатасының мерейтойлық іс-шараларына қатысу үшін Мәскеу қаласына сапар жасады.

21–22 қаңтарда Қазақстан Республикасы Энергетика министрі А.Сәтқалиев Ленинград атом электр станциясына бару үшін Санкт-Петербург қаласына сапармен барды. Сапар барысында «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры А.Лихачевпен кездесу өткізілді.

20–22 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А.Сапаров Мәскеу қаласына сапар жасады. Сапар аясында Ресей Федерациясы Ауыл шаруашылығы министрі О.Лутпен кездесу өткізілді.

6–7 ақпанда Қазақстан Республикасы Көлік министрі М.Қарабаев Мәскеу қаласына сапармен барып, РФ Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары М.Орешкинмен және РФ Көлік министрі Р.Старовойтпен кездесулер өткізді.

22 ақпанда Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Е.Мырзабосынов Мәскеу қаласына сапар жасап, РФ Спорт министрі М.Дегтяревпен кездесу өткізді.

24–28 ақпанда Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Ж.Мәдиев Мәскеу қаласына сапармен барып, «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Д.Бакановпен кездесу өткізді.

4–5 наурызда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев Мәскеу қаласына сапар жасап, РФ Табиғи ресурстар және экология министрінің орынбасары Д.Тетенькинмен келіссөздер жүргізді.

3 наурызда Қазақстан Республикасы Көлік министрі М.Қарабаев Мәскеу қаласына сапар жасады. Сапар барысында Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары В.Савельевпен, РФ Көлік министрі Р.Старовойтпен және РФ Энергетика министрі С.Цивилевпен кездесулер өткізілді.

16–18 наурызда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрайымы М.Әбілқасымова Мәскеу қаласына сапар жасады. Сапар аясында «СберБанк» ПАО Басқарма төрағасы Г.Грефпен және Ресей Федерациясы Орталық банкінің Төрайымы Э.Набиуллинамен кездесулер өткізілді.

10–11 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі М.Мирзагалиев пен Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Е.Ақкенженов Мәскеу қаласына сапар жасады. Сапар барысында Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары А.Новакпен екіжақты кездесу өткізілді.

19–20 сәуірде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Е.Мырзабосынов Санкт-Петербург қаласында өткен «Дәстүрлі спорт түрлерін жаңғырту» атты 7-ші халықаралық этноспорт форумына қатысу үшін сапар жасады. Сапар аясында РФ Спорт министрі, Ресей Олимпиадалық комитетінің президенті М.Дегтяревпен кездесу өткізілді.

3–5 мамырда Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің Төрағасы А.Сәтқалиев Мәскеу қаласына сапар жасады. Сапар барысында «Росатом» мемлекеттік корпорациясы бас директорының бірінші орынбасары К.Комаровпен кездесу өткізілді.

8–9 мамырда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаева Қазақстан экспозициясының болашақ орнын қарау мақсатында Алтай Республикасына сапар жасады.

19–21 маусымда Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Е.Мырзабосынов XXVIII Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында өткен «Спорт – диалогтың әмбебап тілі» тақырыбындағы панельдік сессия жұмысына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына сапар жасады.

28 шілдеде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек Омбы қаласына сапар жасады. Сапар барысында Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы М.Мишустиннің және екі елдің білім беру саласындағы министрлерінің қатысуымен Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті базасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалының таныстырылымы өтті.

7–8 тамызда Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Е.Ақкенженов Мәскеу қаласына сапар жасады. Сапар барысында КҚК бас директоры Н.Горбаньмен, «Транснефть» ПАО президенті Н.Токаревпен, РФ Энергетика министрі С.Цивилевпен және РФ Көлік министрі А.Никитинмен кездесулер өткізілді.

10–13 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаева Біріккен мәдениеттердің кезекті халықаралық мәдени форумына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына сапар жасады.

21–23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Е.Мырзабосынов Мәскеу қаласына сапар жасап, РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Д.Чернышенкомен және РФ Спорт министрі М.Дегтяревпен кездесулер өткізді.

24–27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің Төрағасы А.Сәтқалиев World Atomic Week халықаралық форумына қатысу үшін Мәскеу қаласына сапар жасады. Сапар барысында «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры А.Лихачевпен кездесу өткізілді.

9–10 қазанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаева Мәскеу қаласына сапар жасады. Сапар аясында Ресейдегі Қазақстан Мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы және екі елдің мәдениет министрлерінің қатысуымен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кіші комиссияның 4-отырысы өтті.

12 қазанда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек Новосибирск қаласына сапар жасап, Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің төрағасы В.Пармонмен кездесу өткізді.

21–22 қазанда Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Е.Мырзабосынов Мәскеу қаласына сапар жасап, РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Д.Чернышенкомен және РФ Спорт министрі М.Дегтяревпен кездесулер өткізді.

22–24 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Төрағасы Т.Сүлейменов пен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрайымы М.Әбілқасымова Мәскеу қаласына сапар жасады. Сапар барысында «ВТБ» Банкі ПАО Басқарма төрағасы А.Л.Костинмен және Ресей Федерациясы Орталық банкінің Төрайымы Э.С.Набиуллинамен кездесулер өткізілді.

24–27 қазанда Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев Мәскеу қаласына сапар жасады. Сапар аясында РФ Өнеркәсіп және сауда министрі А.Алихановпен кездесу өткізілді.

29–31 қазанда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі А.Шаққалиев Мәскеу қаласына сапар жасап, РФ Экономикалық даму министрі М.Решетниковпен және «Ресей экспорттық орталығы» АҚ бас директоры В.Никишинамен кездесулер өткізді.

5–7 қарашада Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Е.Мырзабосынов «Ресей – спорттық держава» атты XIII халықаралық спорт форумына қатысу үшін Самара қаласына сапар жасады.

11–12 қарашада Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың Ресей Федерациясына жасаған мемлекеттік сапары аясында:

- Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Ж.Мәдиев пен Қазақстан Республикасы Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Б.Оралмағамбетов Мәскеу қаласына сапар жасады. Сапар барысында «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Д.Бакановпен, сондай-ақ «Сбер» ПАО басшылығымен кездесулер өткізілді.

- Қазақстан Республикасы Көлік министрі Н.Сауранбаев Мәскеу қаласына сапар жасап, «РЖД» ААҚ бас директоры О.Белозеровпен кездесу өткізді.

- Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев Мәскеу қаласына сапар жасап, Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрі А.Козловпен кездесу өткізді.

- Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің Төрағасы А.Сәтқалиев, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы Н.Жақыпов және «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Е.Бердіғұлов Мәскеу қаласына сапар жасап, «Росатом» мемлекеттік корпорациясының даму және халықаралық бизнес жөніндегі бірінші орынбасары – Басқарма мүшесі В.Комаровпен келіссөздер жүргізді.

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А.Әлназарова Мәскеу қаласына сапар жасап, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрі М.Мурашкомен кездесу өткізді.

- Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Е.Ақккенженов Мәскеу қаласына сапар жасап, РФ Энергетика министрі С.Цивилевпен және «Лукойл» ПАО президенті В.Алекперовпен екіжақты келіссөздер жүргізді.

- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Төрағасы Т.Сүлейменов Мәскеу қаласына сапар жасап, «ВТБ» Банкі ПАО Басқарма төрағасы А.Костинмен және Ресей Федерациясы Орталық банкінің Төрайымы Э.Набиуллинамен кездесулер өткізді.

- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаева Қазақстан мен Ресей Достық скверінің салтанатты ашылуына қатысу және мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін гала-концертті дайындау мақсатында Мәскеу қаласына сапар жасады.

- Қазақстан Республикасы Ағарту министрі Ж.Сүлейменова Мәскеу қаласына сапар жасап, РФ Ағарту министрі С.Кравцовпен кездесу өткізді.

- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Е.Мырзабосынов Мәскеу қаласына сапар жасап, РФ Спорт министрі М.Дегтяревпен кездесу өткізді.

13–20 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің делегациясы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің және жұмыс тобының кезекті отырысына қатысу үшін Мәскеу қаласына сапар жасады.

26–28 қарашада Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А.Сапаров Мәскеу қаласына сапар жасап, Ресей Федерациясы Ауыл шаруашылығы министрі О.Лутпен кездесу өткізді.

10–11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек Мәскеу қаласына сапар жасап, «Сколково» инновациялық орталығының басшылығымен кездесулер өткізді.

Мемлекеттік органдар делегацияларының сапарлары:

5 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Е.Кочетов БРИКС елдерінің креативті индустриялары саммитіне қатысу үшін Мәскеу қаласына сапар жасады.

6–7 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар жөніндегі кеңесшісі К.Закария РУДН университетінің құрылғанына 65 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Көпполярлы әлемдегі трансформация сын-қатерлері жағдайында қазіргі заманғы университеттің миссиясы» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін Мәскеу қаласына сапар жасады.

12 ақпанда Абай облысы әкімінің орынбасары К.Сүлейменов бастаған делегация Татарстан Республикасына сапар жасады.

20–21 ақпанда Атырау облысының әкімі С.Шапкенов Татарстан Республикасына сапар жасап, Татарстан Республикасының Раисы Р.Миннихановпен кездесу өткізді.

16–18 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі К.Есекеев Мәскеу қаласына сапар жасады.

17 наурызда Атырау облысы әкімінің орынбасары Ж.Бисембиев Орынбор қаласына сапар жасап, Орынбор облысы вице-губернаторы И.Петуховпен кездесу өткізді.

2–4 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Бакаев ШЫҰ шеңберіндегі консультацияларға қатысу үшін Мәскеу қаласына сапар жасады.

2–4 сәуірде Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі С.Есімханов «ЭНЕРГОПРОМ» Татарстан энергетикалық форумына, сондай-ақ ТМД Электроэнергетикалық кеңесінің 66-отырысына қатысу үшін Қазан қаласына сапар жасады.

13–15 сәуірде Атырау облысының әкімі С.Шапкенов Астрахань облысының губернаторы И.Бабушкиннің шақыруымен Астрахань қаласына сапар жасады.

22–23 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары А.Рахметуллин Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасарлары С.Рябковпен (қару-жарақты бақылау, қарусыздану, таратпау және экспорттық бақылау мәселелері бойынша) және С.Вершининмен (терроризмге қарсы күрес, жаңа сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша) консультацияларға қатысу үшін Мәскеу қаласына сапар жасады.

15–16 мамырда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі А.Нүсіпов «Ресей – Ислам әлемі: KazanForum» XVI халықаралық экономикалық форумына қатысу үшін Қазан қаласына сапар жасады.

22–23 мамырда Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министрі А.Әбірайымов XI Халықаралық Невский экологиялық конгресіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына сапар жасады.

23 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Р.Құрманов Қорған қаласына сапар жасап, Қорған облысының кәсіпкерлерін Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды.

27–29 мамырда Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Е.Еркінбаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің туризм жөніндегі кеңесінің отырысына қатысу үшін Сочи қаласына сапар жасады. Сапар аясында РФ Экономикалық даму министрі М.Решетниковпен кездесу өткізілді.

19 маусымда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.Сақтағанов Санкт-Петербург қаласына сапар жасады.

27–28 маусымда Астана қаласының әкімі Ж.Қасымбек Якутск қаласына сапар жасап, Саха Республикасында (Якутия) «Астана күндері» өтті.

3–4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Ж.Құшықова ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің «Еуразиялық экономикалық жол» атты 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған декларацияны іске асыру жөніндегі жол картасы жобасын талқылау бойынша консультацияларға қатысу үшін Мәскеу қаласына сапар жасады.

8–9 қыркүйекте Алматы облысының әкімі М.Сұлтанғазиев бастаған өңірдің іскер топ өкілдері Мәскеу қаласына сапар жасап, Мәскеу облысының губернаторы А.Воробьёвпен кездесу өткізді.

10–11 қыркүйекте «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Д.Қадіров Мәскеу қаласына сапар жасап, «Россотрудничество» басшысының орынбасары И.Чайкамен кездесу өткізді.

16–17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі К.Арымбек «TNF-2025» өнеркәсіптік-энергетикалық форумына қатысу үшін Түмен қаласына сапар жасады.

17–18 қыркүйекте Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Глотов БРИКС-тің «Бұлтты қалалар» атты қалалардың болашағы жөніндегі форумына қатысу үшін Мәскеу қаласына сапар жасады.

18 қыркүйекте Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеев Ленинград облысының губернаторы А.Дрозденкомен кездесу өткізіп, BRIEF’25 VII Балтық өңірлік инвестициялық форумына қатысу үшін Ленинград облысына сапар жасады.

18–19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Д.Кенбейіл X Мәскеу қаржы форумына қатысу үшін Мәскеу қаласына сапар жасады.

24–27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары Г.Серғазин мен ҚАЭС басшысы Е.Бердіғұлов Дүниежүзілік атом апталығына қатысу үшін Мәскеу қаласына сапар жасады.

16–17 қазанда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Ж.Құшықова «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясының келісілмеген іс-шараларын талқылау бойынша ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің консультацияларына қатысу үшін Мәскеу қаласына сапар жасады.

20–24 қазанда Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Сматлаев Мәскеу қаласына сапар жасап, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін, сондай-ақ қаланың көлік және сәулет ведомстволарын аралады.

21–22 қазанда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Т.Алдыбергенов РФ Көлік министрінің статс-хатшысы – орынбасары Д.Зверевпен кездесу үшін Мәскеу қаласына сапар жасады.

27 қазанда «Отандастар қоры» президенті Д.Қадіров Ресей Федерациясының «Россотрудничество» ұйымының құрылғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты іс-шараларға қатысу үшін Мәскеу қаласына сапар жасап, аталған ұйым басшысының орынбасары А.Емельяновпен кездесу өткізді.

29–31 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Г.Нұрмұханбетов Татарстан Республикасына сапар жасап, Татарстан Республикасының Раисы Р.Миннихановпен кездесу өткізді, сондай-ақ Татарстан Республикасында Солтүстік Қазақстан облысының Мәдениет күндері өтті.

17–19 қарашада Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Д.Кенбейіл атом электр станциясының құрылысына қаржыландыру мәселелері бойынша РФ Қаржы министрлігімен келіссөздер жүргізу үшін Мәскеу қаласына сапар жасады.

26–28 қарашада Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары Т.Жантикин «Сириус» ғылыми-технологиялық университеті базасында өткен жас ғалымдардың V конгресіне қатысу үшін Сочи қаласына сапар жасады.

2–7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі аппаратының басшысы Р.Серіков Мәскеу қаласына сапар жасап, 2027 жылы Қазақстан Республикасының аумағында «Болашақ ойындары» жобасын іске асыру мәселелерін талқылау үшін РФ Туризм және спорт министрлігінің өкілдерімен кездесулер өткізді.

3–5 желтоқсанда Алматы облысы әкімінің орынбасары Б.Бақытұлы Вологда облысына сапар жасады.

5–8 желтоқсанда Алматы қаласының Алатау, Әуезов және Жетісу аудандарының әкімдері Мәскеу қаласына сапар жасап, қалалық ортаны абаттандыру саласындағы ресейлік тәжірибені зерделеді.

7–9 желтоқсанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ж.Түймебаев Мәскеу қаласына сапар жасады.

12 желтоқсанда Павлодар облысының әкімі А.Байханов, Абай облысының әкімі Б.Уәли және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Байахметов «Ертіс: достық өзені – даму өзені» атты халықаралық форумға қатысу үшін Омбы қаласына сапар жасады.

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары