Жалпы ақпарат
Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі
Елшілік туралы
1993 ж. 1 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойылды.
ҚР-ның ҚМ-гі Елшілігі 2007 ж. мамыр айында ашылды. 2026 ж. шілдеден бастап ҚР-ның ҚМ-гі Елшісі Б.Батыршаев.
ҚМ-нің ҚР-ғы Елшілігі 2008 ж. наурыз айынан бастап жұмыс істеп келеді. 2024 ж. маусымнан бастап ҚМ-нің ҚР-ғы Елшісі А.Джабер.
Елшіліктің негізгі міндеттері:
- Қазақстан Республикасының Қатардағы ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету және оның сыртқы саяси курсын іске асыру;
- Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының Қатардағы құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- Қазақстан Республикасының Қатармен ынтымақтастығын дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстанның мемлекеттік органдарының, қоғамдық ұйымдарының және іскер топтар өкілдерінің Қатармен байланыстарын орнату және қатынастарын дамыту;
- Қазақстан Республикасының Қатармен халықаралық келісімшарттары жобаларын, келісімшарттарды жасасу, орындау және тоқтату жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, Қазақстанның болу елімен жасасқан келісімшарттарының орындалуына бақылау жасау;
- консулдық қызмет;
- өзге де міндеттер.