Батыршаев Бақыт Данабекұлы
Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі
Жалпы ақпарат, білімі
Туған жылы: 1973 жыл
Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті (1995 ж.)
Мансап
Кәсіби еңбек жолы:
- 1995 – 1997 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының референті, атташесі;
- 1997 – 2001 жж. – Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігінің атташесі;
- 2001 – 2002 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Екіжақты ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы;
- 2002 – 2005 жж. – Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы;
- 2005 – 2009 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің бөлім бастығы, басқарма бастығы (директор орынбасары), директоры;
- 2009 – 2010 жж. – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі;
- 2010 – 2013 жж. – Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) жанындағы Тұрақты өкілі;
- 2013 – 2019 жж. – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі; Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі; Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы);
- 2019 ж. сәуір – шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы;
- 2019 – 2026 жж. – Жеке сектор;
- 2026 ж. қаңтар – шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі;
- 2026 ж. 10 шілдеден бастап – Қазақстан Республикасының Катар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.
Отбасылық жағдайы: Үйленген, 4 баласы бар.
Тілдерді білуі: Қазақ, араб, ағылшын тілдері