Консульские и визовые вопросы

![]() |
Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулы (Корея Республикасы): Аслан Асқар Мұратұлы. Байланыс ақпараты: Жұмыс телефоны: +(82 51) 466 7003 Шұғыл желі телефоны: 010-5566-0425 (шұғыл жағдайлар туындаған жағдайда, Whatsapp бар) Электронды пошта: busan@mfa.kz |
![]() |
Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Вице-консулы (Корея Республикасы): Осман Диас Қанапияұлы. Байланыс ақпараты: Жұмыс телефоны: +(82 51) 466 7003 Шұғыл желі телефоны: 010-5566-0425 (шұғыл жағдайлар туындаған жағдайда, Whatsapp бар) Электронды пошта: d.osman@mfa.kz
|
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Қазақстан Республикасының консулдық мекемесі шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары бекіткен ҚР қолданыстағы нормативтік актілеріне, Қазақстан Республикасының Консулдық Жарғысына және Қазақстан Республикасы 1993 жылдың көктемінде қосылған 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясына сәйкес ҚР азаматтары мен шетел азаматтары үшін қызметтер көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас Консулдығы (Корея Республикасы)
Мекенжай: Пусан қ. 244, Jungang-daero, Dong-gu (48732)
Тел: +(82 51) 466 7003,
Консулдық бөлім: +(82 51) 469 7003
E-mail: busan@mfa.kz
Маңызды! Мемлекеттік қызметтерді алу туралы өтініш беру үшін Бас консулдыққа жүгінген кезде өтініш берушінің өзімен бірге белгіленген талаптарға сәйкес құжаттардың толық жинағы мен олардың көшірмелері болуы тиіс.
Құжаттардың көшірмелері өтініш берушілер тарапынан алдын ала өз бетінше дайындалуы қажет.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі консулдық округтерінің бөлінуі
Сеул консулдық округі:
- Мегаполис қалалары: Сеул, Инчхон, Тэджон;
- Провинциялар: Кёнги, Канвон, Оңтүстік Чунчхон, Солтүстік Чунчхон, Солтүстік Чолла.
Пусан консулдық округі:
- Мегаполис қалалары: Пусан, Тэгу, Ульсан, Кванджу;
- Провинциялар: Оңтүстік Кёнсан, Солтүстік Кёнсан, Оңтүстік Чолла, Чеджу.
2026 жылы Қазақстан Республикасындағы мереке және демалыс күндер
* Мереке күндерін ауыстыру
Егер мемлекеттік немесе ұлттық мереке демалыс күніне (сенбі, жексенбі) келсе, демалыс күндері бір күнге ұзартылады.
|
||
| 1-2 қаңтар | Жаңа жыл | |
| 8 наурыз | Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз жексенбіден 9 наурыз дүйсенбіге ауыстырылады) | |
| 21-23 наурыз | Наурыз мейрамы (наурыздың 21, 22 сенбі мен жексенбі 24, 25 наурыздың сейсенбі мен сәрсенбіге ауыстырылады) | |
| 1 мамыр | Қазақстан халқының бірлігі күні | |
| 7 мамыр | Отан Қорғаушы күні | |
| 9 мамыр | Жеңіс күні (9 мамыр сенбіден 11 мамыр дүйсенбіге ауыстырылады) | |
| 6 шілде | Астана күні | |
| 25 қазан | Республика күні (25 қазан жексенбіден 26 қазан дүйсенбіге ауыстырылады) | |
| 16 желтоқсан | Тәуелсіздік күні | |
Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады (ауыстырусыз).
2026 жылы Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға тура келеді.
Анықтамалық ақпарат:
ҚР Еңбек кодексінің 85 бабының 3 тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.

Пайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 05 қараша 2026МақалаларҚР азаматының паспортын ресімдеу
- 11 маусым 2025МақалаларҚазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету

