Меню

Страницы

Статья

ҚР азаматының паспортын ресімдеу

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ҚР Консулдық мекемелері арқылы ҚР азаматтарына:

  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратындарға;
  • шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында білім алатындарға;
  • шет мемлекеттерде еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда кәмелетке толмағандарға;
  • көрсетілген адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын шетелдіктің отбасы мүшелері болып табылатындарға;
  • шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын дипломатиялық қызмет персоналының туыстарына;
  • жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға (қарттар) және организм функциялары бұзылып, тұрмыс-тіршілігін шектейтіндей тұрақты денсаулығы нашарлаған адамдарға, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жақын туыстарын күтуді жүзеге асыратын адамдарға;
  • шет мемлекеттің аумағында ұсталғандарға немесе күзетпен ұсталғандарға, қамауға алынғандарға, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеушілерге көрсетеді.

Назар аударамыз!!!

- Құжаттарды ресімдеуді бастамас бұрын Қазақстан Республикасының аумағында тіркеудің (тұрақты мекенжай бойынша тіркеудің) бар-жоғын тексеруге кеңес береміз.

-Шетелде тұрақты тұру, оқу, жұмыс істеу, отбасылық жағдайы, ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен байланысты денсаулық жағдайының нашарлауын растайтын құжат (түпнұсқа және көшірме) тек апостильдеу немесе заңдастыру рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады.

-Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ресімдеу Консулдық мекеменің құзыретіне жатпайды.

 

АҚПАРАТ ҮШІН:Паспортыңыз дайын болған соң, Қазақстан Республикасының Бас консулдығы консулдық бөлімнің +(82 51) 469 7003 нөмірі арқылы Сізбен байланысып, хабарлайды.

-Егер Қазақстан Республикасының Бас консулдығынан Сізге қоңырау шалу немесе хабарлама келмесе, бұл Сіздің паспортыңыздың әлі дайын еместігін білдіреді.

-Жаңа паспорт тек өтініш берушінің өзіне немесе оның заңды өкіліне ғана табысталады. Үшінші не бөгде тұлғаларға паспорт берілмейді.

-Жаңа паспортты алу кезінде өзіңізбен бірге ескі паспортыңызды алып келуіңіз қажет.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өзі (балалар мен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) өкілдік етуге өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып, келесі құжаттарды ұсынады:

 

  • 16 жасқа толмаған бала паспорт алған кезде - Туу туралы куәлік  және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын ата-ананың біреуінің жеке басын куәландыратын құжат. 

 

***Шетелдік ата-анасынан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алуға «Apostille» мөрімен нотариалды расталған өтініш-келісімі (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, олардың біреуі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және осы уақытта ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болған жағдайда). 

 

  • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспортты ауыстырған кезде). Қазақстан Республикасының азаматы алғаш рет паспорт алған кезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) 1974 жылғы үлгідегі паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтығы расталған кезде). Қазақстан Республикасының азаматы алғаш рет паспорт алған кезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) шетелге бару үшін берілген паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтығы расталған кезде).

 

  • Өлшемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті 4 фотосурет (фотосуреттер құжатты ресімдеу кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келуі және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, бейтарап бет-әлпеті көрінісімен және ауызы жабық түскен, бет-әлпеті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алатын болуы тиіс. Фотосуреттер бір негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдісімен орындалады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді).

 

  • Тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу фактісін, отбасы жағдайын растайтын, тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар деген құжаттың бірі (түпнұсқа және көшірме). Шетелде тұрақты тұру, оқу, жұмыс істеу, отбасылық жағдайы, ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен байланысты денсаулық жағдайының нашарлауын растайтын құжат (түпнұсқа және көшірме) тек апостильдеу немесе заңдастыру рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады.

 

***Қазақстандық студенттер мен оқу орындарында білім алушылар үшін (тұрақты тұруға рұқсаты жоқтар үшін) – Оқу орнынан берілген анықтаманың түпнұсқасы мен көшірмесі, нотариалдық кеңседе куәландырылып, «Apostille» мөрімен расталған, қазақ немесе орыс тіліне аудармасымен – 1 дана;

 

***Корея аумағында уақытша жұмыс істеп жүрген Қазақстан Республикасы азаматтары үшін (тұрақты тұруға рұқсаты жоқтар үшін) – Еңбек шартының түпнұсқасы мен көшірмесі, нотариалдық кеңседе куәландырылып, «Apostille» мөрімен расталған, қазақ немесе орыс тіліне аудармасымен – 1 дана;

 

***Неке/ажырасу туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі – 1 дана. Егер неке/ажырасу Кореяда тіркелген болса, «Apostille» мөрімен расталған, нотариалдық кеңседе куәландырылған және қазақ немесе орыс тіліне аударылған нұсқасы қажет – 1 дана.

 

***Тыныс-тіршілігін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзылуына байланысты денсаулығында кемістігі бар Қазақстан Республикасы азаматтары үшін – осы фактіні растайтын құзыретті мекемеден берілген анықтама (түпнұсқасы және көшірмесі), нотариалды куәландырылған, «Apostille» мөрі қойылған және қазақ немесе орыс тіліне аудармасымен бірге.

 

  • Консулдық орналасқан елдің құзыретті органынан азаматтығы жоқ екендігі туралы анықтама (Егер мұндай анықтаманы алу мүмкіндігі болатын елдің заңнамасында көзделген болса,)  -  Жергілікті билік органдары берген құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелері (тұрақты тұруға рұқсат картасы – Permanent Resident Card, студенттік виза және т.б. ID карта) нотариалдық кеңседе куәландырылып, «Apostille» мөрімен расталған, қазақ немесе орыс тіліне аудармасымен – 1 дана;

 

***Жоғалған төлқұжаттың орнына жаңасын рәсімдеу кезінде, төлқұжаттың жоғалғанын растайтын полиция бөлімшесінен берілген анықтама (Police Report) ұсынылуы тиіс, нотариалдық кеңседе куәландырылып, қазақ немесе орыс тіліне аудармасымен – 1 дана.

 

  • Консулдық алымның төленгенін растайтын құжат.
  • Құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - күнтізбелік 90 күн
  • 100 АҚШ доллары

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: Пусан қ. 244, Jungang-daero, Dong-gu (48732)

Телефон арқылы хабарласыңыз: +(82 51) 469 7003 және / немесе электрондық пошта: busan@mfa.kz

Дата публикации
18 сентября 2024
Дата обновления
16 февраля 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
03 апреля 2025
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
03 апреля 2025
ҚР азаматтарына қызметтерді көрсету
03 апреля 2025
Корея Республикасына шығатын Қазақстан Республикасы азаматтарына арналған жадынама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары