Жалпы ақпарат

Бас консулдық туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Анталия қаласындағы

Бас консулдығының ресми сайтына қош келдіңіз!

 

1992 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2012 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Анталиядағы Консулдығы ашылып, 2022 жылы Қазақстан Республикасының Анталиядағы бас консулдығы болып қайта ұйымдастырылды (Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі №1025 Жарлығы).

2022 жылғы 5 қарашада Қуат Ахметқалиұлы Канафеев Анталиядағы ҚР Бас консулы болып тағайындалды.

 

Бас консулдықтың негізгі міндеттері:

- Түркияда Қазақстан Республикасының, оның азаматтары мен заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;

- Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасында сауда, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, спорт, туризм және басқа салалардағы қатынастарды дамытуға жәрдемдесу;

- Қазақстан Республикасының азаматтығы, халықаралық бала асырап алу, апостильдеу, құжаттарды сұрату, виза беру, азаматтық хал актілерін тіркеу, құжаттама, Қазақстан Республикасы азаматтарының консулдық тіркеу, нотариалдық қызметтерді көрсету мәселелері бойынша консулдық іс-әрекеттерді жүзеге асыруы

 

Бас консулдықтың консулдық округіне Түркия Республикасының 10 өңірі кіреді: Анталия, Адана, Бурдур, Хатай, Ыспарта, Караман, Кония, Мерсин, Ниғде, Османие

 

 

Екіжақты ынтымақтастық