Қазақстан Елшісі Аддис-Абеба Сауда Палатасының тауарлар көрмесіне барды

2022 ж. 22 қараша, Аддис-Абеба қ. – Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшісі, Африка Одағы жанындағы ҚР Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов "Addis Ababa Exhibition Center"-де Аддис-Абеба Сауда Палатасының өндіріс және технологиялар жөніндегі 5-ші Халықаралық көрмесіне (5th Addis Chamber International Manufacturing and Technology Trade Fair) қатысты.
Көрменің ашылу салтанатына Эфиопияның сауда және индустрия министрі Мелаку Алебель, Аддис-Абеба сауда палатасының басшылығы, Аддис-Абеба шенеуніктері, Эфиопия дипломатиялық корпусының мүшелері, ірі халықаралық бизнес өкілдері және басқа да мүдделі тараптар қатысты.
Көрме павильонына барған кезде Қазақстан Елшісі ауыл шаруашылығы, азық-түлік секторы саласында жұмыс істейтін сала көшбасшылары, қонақ үй қызметтері мен туризм жеткізушілері өндіретін тауарлармен танысты.
Бірқатар компаниялардың өкілдерімен, көрмеге қатысушылармен Қазақстанның бизнес қоғамдастығымен ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Аддис-Абеба сауда палатасының халықаралық өндіріс және технологиялар сауда көрмесі-эфиопиялық және шетелдік коммерциялық кәсіпорындардың және олардың өнімдерінің елдің жалпы жұртшылығы мен Халықаралық бизнес қауымдастығына арналған көрмесі. Іс-шараның мақсаты Эфиопиядағы өндірісті дамыту үшін технологияларды жеткізушілер мен іздеушілердің күш-жігерін біріктіру. Сондай-ақ, сауда көрмесі Өндірістік жабдықтар мен технологияларды айырбастауға, бірлескен кәсіпорындарға инвестициялар іздеуге және іскерлік келісімдерге қол жеткізуге арналған алаң болып табылады. Көрмеге жыл сайын Эфиопиядан және мүдделі мемлекеттерден 100-ден астам компания қатысады.