Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстан Африка елдерімен мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды дамытуға ерекше мән береді. Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігі мәдениетаралық диалог пен ынтымақтастықты дамыту, Эфиопия жұртшылығын Қазақстанның тарихымен, мәдениетімен, өнерімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру, сондай-ақ білім беру, спорт және туристік байланыстарды нығайту мақсатында тұрақты түрде түрлі іс-шаралар ұйымдастырады.
2020 жылғы ақпанда қазақ мәдениетін насихаттау мақсатында ҚР Эфиопиядағы Елшілігінде «Абай» мәдени орталығы ашылды. Орталық Эфиопиядағы Қазақстан достарын қазақ халқының мәдениетімен, дәстүрімен және әдет-ғұрпымен таныстыру бойынша түрлі іс-шаралар өткізеді.

Спорт саласындағы ынтымақтастық

2018 жылғы 16 қыркүйек - ҚР Елшілігінің бастамасымен Эфиопия мен Кения спортшылары жыл сайынғы «Astana Marathon 2018» қайырымдылық марафонына қатысты.

2024 жылғы 8-14 қыркүйек - Эфиопия алғаш рет V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысып, «тоғызқұмалақ» қазақ ойыны бойынша жарыста өнер көрсетті.
Мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық
Қазақстан мен Эфиопия ЮНЕСКО аясында тиімді ынтымақтасады.

2022 жылы Эфиопия Қожа Ахмет Ясауи кесенесін ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізімінде сақтау және бұл мәселе бойынша Қазақстан ұсынған қарардың нұсқасын қолдады.
ҚР Эфиопиядағы Елшілігі сондай-ақ қазақ мәдениетін, салт-дәстүрін насихаттау бойынша белсенді жұмыс жүргізеді, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстандағы көпэтносты қоғамда толеранттылық пен тұрақтылықты сақтаудағы қызметі мен рөлі туралы, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің әлем мен тұрақтылықтың жаһандық мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар әзірлеудегі рөлі мен қызметі туралы хабардар етеді. БАҚ-та Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына танымал қазақ тарихи қайраткерлерінің қосқан үлесін жариялайды және тұрған елінің жұртшылығына жеткізеді.

Екі ел арасындағы географиялық қашықтыққа қарамастан, Қазақстан мен Эфиопияның мәдениетінде, салт-дәстүрінде көптеген ұқсастықтар бар. Мысалы, көне үстел ойындары «тоғызқұмалақ» пен эфиопиялық «Гебета» («Манкала»), қазақтың «Қобызы» мен эфиопиялық музыкалық аспабы «Масинко», сондай-ақ арқан тарту ойыны — біздің мәдени мұрамыздың ұқсастықтарының бір бөлігі ғана. 

Форумдар мен семинарлар 

2021 жылғы 8 шілде - ҚР Елшілігінде Ұлы Дала елінің мәдени мұрасы туралы семинар өтті.

2022 жылғы 3 мамыр - Эфиопия Этнографиялық мұражайында ҚР Елшілігі ЮНЕСКО кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырған «Тұрақты дамуға арналған мәдени мұра» атты халықаралық форум өтті.

2024 жылғы 20 мамыр - ҚР Елшілігінде Қазақстанның көрнекті тарихи тұлғаларының қызметіне арналған семинар өтті.

2026 жылғы 26 мамыр - ҚР Елшілігінде ұлттық бірлікті нығайту, жалпыұлттық тарихты дәріптеу және мәдени құндылықтарға ұқыпты қарау жөніндегі ҚР қазіргі саясатына арналған мәдени семинар өтті.

Концерттер

2018 жылғы 26 ақпан - ҚР Елшілігі Эфиопия музыка мектебімен бірлесіп классикалық музыка концертін ұйымдастырды. Концертке Беларусь, Қытай, Тунис және Палестинадан келген жас орындаушылар қатысты. 

Наурыз 

2021-2026 жылдар аралығында Наурыз мейрамы ұйымдастырылды, онда қазақ, қырғыз және өзбек халық әндері мен билері, Абайдың музыкалық шығармалары орындалды. Атап айтқанда, «Қамажай» және «Қара жорға» қазақ халық билері көрсетіліп, домбыра сүйемелдеуімен «Агугай», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» және т.б. әндер орындалды. Наурыз мерекесіне қатысушылар ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне енген ұлттық ойындар – «асық ату» (асықтар) және «тоғызқұмалақ» бойынша ұйымдастырылған достық жарысқа қатысты.

Фильм көрсетілімдері

2019 жылғы 14 желтоқсан - «Жаужүрек мың бала» көркем фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.

2021 жылғы 20 наурыз - ЮНЕСКО-ның Наурыз мерекесі туралы деректі фильмінің көрсетілімі өтті.

2021 жылғы 31 шілде - «Сталинге сыйлық» көркем фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.

2025 жылғы 30 сәуір - Ұлы Отан соғысы жылдарында партизан отрядтарымен шайқастар туралы, қазақ ғалымы, жазушы және қоғам қайраткері Әди Шәріповтің шынайы жауынгерлік жолы туралы баяндайтын «1941 жылдың жазы» атты қазақ көркем фильмінің көрсетілімі өтті.

2026 жылғы 26 мамыр - аңызға айналған қазақ балуаны, күрестен алғашқы көпқүрлықты Әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмірі мен жеңісті жолы туралы баяндайтын «Қажымұқан» қазақстандық көркем фильмінің көрсетілімі өтті.

Фото көрмелер

2019 жылғы 12 желтоқсан - Қазақстанның мәдениеті, салт-дәстүрі, табиғаты мен тарихы туралы фотокөрме ұйымдастырылды.

2021 жылғы 27 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған «Өлімнен де күшті» фотокөрмесі ұйымдастырылды.

2021 жылғы 30 тамыз - «Қазақстан – әлемдік қоғамдастық мойындаған ел» фотокөрмесі ұйымдастырылды.

2022 жылғы 21 қазан - Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу аясында «Жаңа Қазақстан» тақырыбында фотокөрме ұсынылды.

2025 жылғы 30 сәуір - Жеңіс күнінің 80 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның, Эфиопияның және Африка елдерінің Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске қосқан үлесін көрсететін фотокөрме ұйымдастырылды. Экспозиция ортақ жеңіске жетудегі одақтастар мен фашизмге қарсы коалиция елдерінің рөлін көрсететін мұрағаттық фотоматериалдарды, құжаттарды және куәліктерді біріктірді.

2026 жылғы 26 мамыр - мәдени семинар аясында «Kazakhstan Beyond» тақырыбындағы фотокөрменің таныстырылымы өтті.

Қазақ киіз үйі

2022 жылғы 10 желтоқсан - Африкадағы UNECA алаңында алғаш рет ЮНЕСКО материалдық мұрасы ретінде қазақ киіз үйінің және оның ішкі безендірілуінің тұсаукесері өтті. Содан бері Эфиопиядағы ұлттық сәндік элементтермен және костюмдермен безендірілген қазақ киіз үйі Қазақстанның африкалық достары үшін тартымды орынға және Африкадағы дәстүрлі қазақ қонақжайлылығының символына айналды.

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Роза Бағланованың 100-жылдығы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

facebook
twitter
Instagram
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары