Сайын Шапағатов (2004 жылға дейін -Тельман)-Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы ауылдық округ. (2010 жылға дейін Ақшұқыр ауылының құрамында болған) Каспий теңізінің жағалауында,Форт-Шевченко қаласыныан оңтүстік-шығысқа қарай шамамаен 95 км.жерде орналасқан.
Жалпы аумағы -3748,8.Тұрғын үй саны -2530.Халық саны -9762 адам.Жастар саны (14-29 жас) -2500 (ерлер -1093, әйелдер -1407)
3 мектеп бар.Ғ.Айдаров атындағы мектеп -лицей (320 орын)1297 оқушы білім алады.Сайын Шапағатов мектеп-гимназиясы (600орын) 143 оқушы. Айсана бастауыш мектебі (120 орын) 115 оқушы.
Сондай ақ - 8 балабақша,1- аула клубы, 2- дәрігерлік амбулатория, 1- мәдениет үйі, 1-мешіт,1- спорт залы бар.