1973 жылы Маңғыстау облысының құрылуына байланысты, өңіріміздегі жоспарлы түрде жер телімдері берілген алғашқы ауыл - Қызылтөбе ауылы болды. Қызылтөбе ауылының ұлғаюына байланысты, 2005 жылдың 6 сәуірінде №16-161 санды облыстық мәслихат шешіміне сәйкес, Қызылтөбе ауылдық округі құрылды. Халық саны 10 мыңға жетпейтін, бір мыңға жетпейтін тұрғын үйі бар ауылдық округ бүгінгі күнде 3 есе өсіп, 3770 тұрғын үйі бар, 31719 тұрғыны бар Мұнайлы ауданындағы Қарашаңыраққа айналды. Ауылдық округ құрамына Қызылтөбе ауылы, Қызылтөбе-2, Бірлік және Ынтымақ тұрғын үй алаптары қосылды.