Маңғыстау ауылы - Мұнайлы ауданының орталығы.
Қазіргі Маңғыстау ауылының іргетасы Гурьев облыстық халық депутаттарының кеңесiнің 25.12.1965 жылғы №553 қаулысымен Маңғыстау поселкелiк кеңесi ретінде қаланған болатын.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 04 маусымдағы «Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгертулер енгізу туралы» №338 Жарлығына сәйкес, Маңғыстау облысының құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік - Мұнайлы ауданы құрылып, 2007 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №526 Қаулысының негізінде Маңғыстау селосының аумағы Мұнайлы ауданының әкімшілік шекарасына енгізіліп, ауданның орталығы ретінде белгіленді.
Маңғыстау ауылының аумағының құрамына қазіргі таңда Ақ Еспе, Бозжыра, Айрақты, Шерқала, Бесшоқы тұрғын үй массивтері кіреді.
Маңғыстау ауылының аумағы – 3063 гектарды құрайды.
2024 жылдың 1 қаңтарына халық саны – 35 604.