Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруЖоба бойынша барлығы 1138 бірлік камера орнатылды. Оның ішінде 148 нүктеде 736 бірлік жол қауіпсіздігі камерасы, 152 нүктеде 402 бірлік қоғамдық қауіпсіздік камерасы.
Ақтау қаласы 108 нүктеде 536 бірлік жол қауіпсіздігі камерасын, 52 нүктеде 102 бірлік қоғамдық қауіпсіздік камерасын қамтиды.
Мұнайлы ауданы 40 нүктеде 200 бірлік жол қауіпсіздігі камерасын, 100 нүктеде 300 бірлік қоғамдық қауіпсіздік камерасын қамтиды.
Құқықбұзушылық жасаған жағдайда айыппұл көлік иесіне смс арқылы 15 минуттың ішінде, ал хат арқылы 4-5 күннің аралығында жетеді.
"Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешендері Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстерінің 592, 596, 599, 601 баптарына сәйкес, белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырған жағдайда, бағдаршамның тыйым салу сигналы яғни қызыл белгісінен өткен уақытта, тоқтау сызығын асып өту кезінде және қос сызықты тыйым салынған жолақты басып өтсе әкімшілік іс-жүргізу бірыңғай тізілімнің процессингтік орталығына жолдайтын болады.
Бейнебақылау деректерін сақтау мерзімі 30 күн.