Жалпы ақпарат

Басқарма туралы

Маңғыстау облысының Цифрлық технологиялар басқармасы – облыс аумағында цифрлық технологияларды дамыту, ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын жергілікті атқарушы орган.

Негізгі міндеттері мыналар:

  • Мемлекеттік органдарды цифрландыру және ақпараттық жүйелерді енгізу;
  • «Электрондық үкімет» қызметтерін дамыту және халыққа қолжетімділігін арттыру;
  • Облыстағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;
  • Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіру;
  • Мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу;
  • Цифрлық трансформация жобаларын әзірлеу және іске асыру;
  • Байланыс және телекоммуникация саласындағы өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру.

Басқарма сондай-ақ өңірдегі интернет сапасын жақсарту, мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа көшіру, деректерді басқару жүйелерін дамыту және «ақылды қала» (Smart City) элементтерін енгізу бағытында жұмыс жүргізеді

Ережені жүктеу

Қызмет бағыты