Сам ауылы
Маңғыстау облысының киелі де, әрі берекелі ауданы Бейнеу ауданының шығыс бөлігінде 70 км. қашықтықта орналасқан.
Сам ауылы негізінен Бейнеу ауданының қара шаңырағы болып есептеледі. Жер көлемі 10290 га.
Сам өңірі негізінен Ақтөбе облысы Байғанин ауданына қарасты болып келген. Сам құмын, Матай құмын бойлай Байғанин ауданының малшылары қоныстанған. Кейін 1960 жылы Маңғыстау облысы қарамағына берілген. Сам ауылы алғашында Қаражүзгенді, кейін Қызыләскер ауылы болып аталып келген. 2008 жылғы қаңтар айынан бастап облыс әкімі Қ. Көшербаевтың шешімімен Сам ауылы болып өзгертілді.
Сам ауылынан облыс әкімінің 1998 жылғы 25 наурыздағы № 207 шешімімен «Сам селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылды.