Жиі қойылатын сұрақтар
Жастар жылы аясында, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә..Назарбаева, еліміздің 3 мегаполисінде жұмыс істейтін жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша шара көзделді. Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға, оның ішінде жас отбасыларға 3000 пәтер берілді. Ағымдағы жылы жұмыс істейтін жастарға 3000 жалдамалы пәтер беру жоспарланып отыр. Жалға берілетін тұрғын үйді берудің бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша азаматтардан оларды берудің шарттары мен ережелеріне қатысты көптеген ұсыныстар келіп түсті. Бірқатар өтініштер ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізумен байланысты болды (қала тұрғыны ретінде тіркелу мерзімі, жастардың жасын 35 жасқа дейін ұлғайту, 40 АЕК-ке дейін азайту, құжаттарды қабылдау мерзімін ұзарту және т.б.). Осыған байланысты, азаматтардың, сондай-ақ Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, біз жалға берілетін тұрғын үй беру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша белгілі бір жұмысты бастадық, олар бүгінгі күні тиісті мемлекеттік органдардың келісуінен өтуде.
Қоғамдық кеңес мүшесінің өкілеттіктерін тоқтату «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – заң) шеңберінде жүзеге асырылады. Осылайша, Қоғамдық кеңестің мүшесі өзі тұратын Қоғамдық кеңеске жазбаша нысанда өтініш беру арқылы Қоғамдық кеңестің құрамынан өз қалауы бойынша шыға алады. Бұдан басқа, Қоғамдық кеңестің мүшесі денсаулық жағдайына байланысты оның жұмысына қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда не Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген өзге де негіздер бойынша Қоғамдық кеңестің шешімімен оның құрамынан мерзімінен бұрын шығарылуы мүмкін. Бұл Қоғамдық кеңес мүшесінің соттылығы болмауға, заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылмауға, сондай-ақ психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс дегенді білдіреді. Осылайша, мүшелердің өкілеттіктерін алып тастау немесе тоқтату жөніндегі өкілеттік Қоғамдық кеңестің өзіне бекітілген.
|
Жұмыс тобының құрамы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 326 бұйрығымен бекітілді, ол министрліктің сайтында орналастырылған. |
Дегенмен, сіз жұмыс тобының кеңейтілген отырыстарына қатысып, өз ұсыныстарыңызды электрондық мекен-жайға ta.akhmadiev@qogam.gov.kz «қоғамдық бақылау» белгісімен жібере аласыз.
|
«Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі–Қағидалар) Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 бұйрығының 11 тармағына сәйкес, құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда Уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыйлықақыға үміткерге конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап жібереді. Сыйлықақыға үміткерлер сыйлықақы алу конкурсына қатысу үшін келесі құжаттарды ұсынады: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы беру конкурсына қатысуға өтініш; 2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы; 3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге); 4) соңғы 3 (үш) жыл ішінде ұсынылған бағыт бойынша іске асырылған жобаларды және бірлескен жұмыс барысында қол жеткізілген нәтижелерді растау мақсатында байланыс деректері көрсетілген, өтінім берген үкіметтік емес ұйымның қызметі туралы қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар), мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (екіден кем емес); 5) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құрылтай құжаттарының және куәлiгiнің (анықтаманың) көшірмелерін. 6) банктік шоттың бар екендігі туралы анықтама (түпнұсқа). |
Қағидалардың 6 тармағына сәйкес, Үкіметтік емес ұйым сыйлықақыны алғаннан кейін үш жыл ішінде оның сыйлықақы алу үшін қайта ұсынылуына жол берілмейді. Сол бір ғана үкіметтік емес ұйым сыйлықақыны алуға бір бағыттан артық бағыт бойынша ұсыныла алмайды.
|
Сыйлықақылар ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларына сәйкес беріледі (бұдан әрі–Қағидалар). Сыйлықақы алуға өтінімдерді үкіметтік емес ұйымдар береді. Сыйлықақылар ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдармен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13355 болып тіркелген) тәртіппен Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтер ұсынған үкіметтік емес ұйымдарға беріледі. Сыйлықақы алуға конкурсқа қатысу үшін үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдерін қабылдау туралы хабарландыруды Уәкілеттті орган жыл сайын 1 шілдеден кешіктірмей интернет-ресурсқа орналастырады. Хабарландыру конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізбесін және сыйлықақылар беру бағыттарын қамтиды. Сыйлықақыға үміткерлер сыйлықақы алу конкурсына қатысу үшін келесі құжаттарды ұсынады: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы беру конкурсына қатысуға өтініш; 2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы; 3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге); 4) соңғы 3 (үш) жыл ішінде ұсынылған бағыт бойынша іске асырылған жобаларды және бірлескен жұмыс барысында қол жеткізілген нәтижелерді растау мақсатында байланыс деректері көрсетілген, өтінім берген үкіметтік емес ұйымның қызметі туралы қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар), мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (екіден кем емес); 5) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құрылтай құжаттарының және куәлiгiнің (анықтаманың) көшірмелерін. |
6) банктік шоттың бар екендігі туралы анықтама (түпнұсқа).
|
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру 15-бағыт бойынша жүзеге асырылады. Гранттар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұсынылады. Мемлекеттік гранттарды беру уәкілетті органның үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру жоспары және үкіметтік емес ұйымдарға гранттарды беруге ашық конкурс өткізу негізінде жүзеге асырылады. Заңның 6-1 бабының 4-тармағына сәйкес грантты алған үкіметтік емес ұйымдар алынған қаражаттың бір бөлігін, бірақ он пайыздан аспайтын бөлігін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге пайдалана алады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекшеліктері ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделгенін хабарлаймыз. Сыйлықақылар ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларына сәйкес конкурстық түрде өткізіледі. Сыйлықақы беру конкурсына Қазақстандағы барлық үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады. Үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы алуға ұсыну туралы өтінімдерді үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік органдар уәкілетті органға жыл сайын 1 қыркүйекке дейін береді. Сыйлықақының ең төменгі мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерін құрайды. |
|
«Ехоба куәгерлері» діни бірлестігі Қазақстан Республикасының Әділет органдарында ресми тіркелген және өз қызметін елдің заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Бірлестіктің діни қызметіне қатысу ерікті негізде құрылады. Қоғамның әр мүшесі одан шығуға құқылы. Діни бірлестіктің басшылығы тарапынан мәжбүрлеу шаралары көрсетілген жағдайда, қауымның әрбір мүшесі бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін құқық қорғау органдарына, сондай-ақ заңдарда белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. Ресей Федерациясындағы Иегова куәгерлерінің айналасындағы жағдайға қатысты Ресей Федерациясының сот органдарының шешімдері оларға Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салуға негіз болып табылмайды. |
|
Дыбыстық қысым деңгейі ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 28 ақпандағы №169 бұйрығымен бекітілген «Адамға әсер ететін физикалық факторларға қойылатын гигиеналық нормативтерге» сәйкес түнгі және күндізгі уақытта да дыбыс қысымының рұқсат етілген деңгейі 55-тен 70 дБА-ға дейін айқындалған ережемен реттеледі. Дін істері комитеті жыл сайын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (бұдан әрі – ҚМДБ) басшылығын және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктерін дыбыс қысымының деңгейін белгіленген нормаларға сәйкес келтіру, сондай-ақ діни қызметшілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы хабардар етеді. |
Дыбыс қысым деңгейінің бұзылу фактісін тексеру және анықтау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі – ҚР ДСМ СЭБК) құзыретіне кіреді. Дыбыстың қысым деңгейі рұқсат етілген гигиеналық нормативтерден асқан жағдайда еліміздің азаматтары
ҚР ДСМ СЭБК жүгінуге құқылы.
|
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның 3-бабына сәйкес мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген. Осыған орай, мемлекет діни ғибадат нысандарын (мешіт, медресе, құлшылық ету бөлмелері, шіркеу, синагога және т.б.) қаржыландыруға құқылы емес. Сондай-ақ, «Қайырымдылық туралы» Заңның 6-бабының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік органдар бюджет қаражаты есебінен қайырымдылықпен айналысуға құқылы емес. |
Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, ДІК тарапынан діни ғибадат нысандарына қаржылай көмек көрсету мүмкін емес екендігін хабарлаймыз.
|
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті мектептерде діни атрибутикасы бар киімді киюге (хиджаб) тыйым салу бойынша келесіні хабарлайды. Еліміздің заңнамасына сәйкес («Білім туралы» Заңның 47 және 49-баптары) оқушылардың міндетті мектеп формасын сақтауын, ал осы міндетті орындау ата-аналарға жүктелген. Сондай-ақ, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның 3-бабының 4-тармағына сәйкес, рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында білім беру мен тәрбиелеу жүйесі діндер мен діни бірлестіктерден бөлінген және зайырлы сипатта болады. Яғни, әлеуметтік қатынастар, оның ішінде білім беру саласындағы қатынастар діни нормалармен емес, сәйкесінше елдің заңнасымен реттеледі. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары азаматтарға олардың мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттерін айқындай отырып, тиісті құқықтар береді. Сонымен бірге, бұл норма дінге деген көзқарасқа байланысты қандай да бір кемсітушілікке ұшыратпайтынын атап өту қажет. |
Жоғарыда айтылғандардың негізінде ата-аналарды ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасын сақтауға шақырамыз.