Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік мүлікті бөгде мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғаларға өтеусіз пайдалану көзделмеген.
Өз кезегінде, өтініш берушілер зал және шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды ұсыну туралы өтінішпен жазбаша түрде мәдениет ұйымдарының басшылығына жүгіне алады.
Мәдениет ұйымдарының басшылары алдағы кезеңге бекітілген жоспарларына сәйкес, ҚР ӘППК белгіленген мерзімдерде шешім қабылдайды.
Осыған байланысты, мемлекеттік концерттік ұйымдар концерттік іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында отандық шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен концерт залдарын ақылы негізде, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 254 бұйрығына (1-қосымша) сәйкес ұсына алады («Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар шығаратын және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы»).
жүгіне алады — бұл жекеменшік те, мемлекеттік те мекемелерге қатысты.
Жекеменшік ұйымдар қызметті шарттық негізде, ал мемлекеттік республикалық ұйымдар бекітілген тарифтерге сәйкес көрсетеді.
Өтініштерді қарау мерзімі – 1-2 апта.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында концерттер мен мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге қатысты «Мәдениет туралы» ҚР Заңының 9-1-бабында белгіленген талаптар қолданылады.
Көрермендерге арналған мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастырушылар міндетті:
- жеке тұлғалардың қауіпсіздігін, іс-шара өткізілетін орындардың және ондағы мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жәрдемдесуге;
- іс-шара өткізілетін орынға іргелес аумақтың абаттандырылуын қалпына келтіруді қамтамасыз етуге (егер ол бұзылса);
- Жергілікті атқарушы органдарды:
іс-шара өткізілетін күнге дейін 10 күн бұрын – күтілетін көрермендер саны туралы,
1 күн бұрын – сатылған билеттер, берілген рұқсаттамалар (көлік құралдарына да қатысты), ішкі істер және денсаулық сақтау органдарының арнайы техникасы мен мүгедектігі бар адамдардың көлік құралдарына арналған тұрақ орындары туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге;
- іс-шара өткізілетін орындарда көрермендердің мінез-құлық ережелерін орналастыруға;
- Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын күшпен өзгертуге, елдің тұтастығын бұзуға, мемлекеттік қауіпсіздікке қауіп төндіруге, соғысқа, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, сословиелік және рулық үстемдікті, қатыгездік пен зорлық-зомбылық культін насихаттауға бағытталған және жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларға қайшы келетін мазмұнды пайдаланбауға;
- көрермендермен өзара іс-қимыл кезінде әртістердің әдепті мінез-құлқын қамтамасыз етуге, оның ішінде бейәдеп сөздер айтуға, алкогольдік ішімдіктер, есірткі, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын қолдануға жол бермеуге. Бұл талаптар әртістермен жасалған шарттар негізінде қамтамасыз етілуі тиіс;
- музыкалық шығармаларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылатыны туралы көрермендерді ақпараттандыруға.
Сонымен қатар, спорттық, спорттық-көпшілік және көрермендерге арналған мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі мен Мәдениет және спорт министрінің бірлескен бұйрығымен бекітілген нұсқаулық бар.
Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 92-бабының 1-тармағына сәйкес бас тарту туралы жауап келген күннен кейін, үш ай (3) мерзімде жоғары тұрған органға шағымдануыңызға болады.
«Мәдениет туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында түрлі бағыттар бойынша, соның ішінде жекеменшік коллекциялардан құрылған музейлер құрылуы мүмкін.
Музей құру мәселесі «Мәдениет туралы» заңмен және тиісті нормативтік құқықтық актілермен реттелген.
Заңның 8-бабы 2) тармақшасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен театр, цирк, музыка өнері және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығы, кітапхана және музей ісі саласында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады.
Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік музейлерді құрудың алгоритмі:
- Музейдің ғылыми тұжырымдамасын, көркемдік тұжырымдамасы мен тақырыптық-экспозициялық жоспарын әзірлеу;
- Құрылатын музейдің қорын жасақтау;
- Мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша құрылатын музейдің қаржыландыру көздерін және орналасатын жерін айқындау;
- Жобаны жүзеге асыру үшін құрамы ғалымдардан, ғылыми зиялы қауым өкілдерінен, мәдениет қайраткерлері мен музей қызметкерлерінен тұратын арнайы жұмыс тобы құрылуы тиіс;
- Жаңадан құрылатын музейге қатысты арнайы жұмыс тобының ұсынымы бойынша әкімдік уәкілетті органға келісуге жолданатын тиісті шешім қабылдайды.
Каникул күндері жалпы білім беретін мектеп оқушылары республикалық деңгейдегі музейлер мен музей-қорықтарға тегін кіре алады. Әр айдың үшінші жексенбісінде барлық санаттағы азаматтар үшін тегін кіру қамтамасыз етіледі.
Демалыс және мейрам күндері музейлер студияларында шеберлік сағаттары, пленер, квест-ойындар, музей сабақтары өткізіледі, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға экскурсиялар қарастырылған.
Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 11-бабының 9) тармақшасына сәйкес, монументтік өнер құрылыстарын орнату жұмыстарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) жүргізеді.
Жоғарыда аталған Заңда белгіленген ұғымға сәйкес, монументтік өнер құрылыстары – көрнекті тұлғалардың, маңызды тарихи оқиғалардың есімін мәңгі есте қалдыру үшін орнатылатын монументтік өнер туындылары (ескерткіштер, стелалар, бюсттер).
Монументтік өнер құрылыстарын орнату тәртібі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 103 бұйрығымен бекітілген Қағидалармен айқындалған.
Аталған Қағидаларға сәйкес, ЖАО монументтік өнер құрылыстары бойынша жұмыстарды жоспарлы негізде жүргізеді. Жоспарды Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – МАМ) қалыптастырады.
Бұл ретте, ЖАО монументтік өнер құрылыстарын орнату жұмыстарын жоғарыда аталған Қағидаларда көзделген бірқатар талаптарды ескере отырып жоспарлайды.
Жаңа ескерткішті орнату қаржылық растаумен (жергілікті бюджет қаражаты есебінен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден) қамтамасыз етілуі тиіс.
ЖАО орнатуды жоспарлап отырған жаңа ескерткіш Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» қаулысында көзделген мерейтойлық күндерге сәйкес келуі тиіс. Осы қаулыға сәйкес, бірінші ғасырда – жүзжылдық, келесі ғасырларда әр жиырма бес жыл сайын мерейтойлық жылдар болып саналады.
Сондай-ақ, жоспарлау кезінде көрнекті тұлға қайтыс болған немесе маңызды тарихи оқиға орын алған күннен бастап бес жыл өткенін ескеру қажет.
Жаңа ескерткішті орнату үшін жер учаскесін бөлу мәселесі шешілуі тиіс, бұл ретте жаңа ескерткіштерді жеке меншік иелеріне тиесілі және жеке иеліктерге жататын аумақтарға орнатуға болмайтынын ескеру қажет. Сонымен қатар, бір елді мекенде бір көрнекті тұлғаға арналған ескерткішті бір реттен артық орнатуға жол берілмейді.
ЖАО-ның монументтік өнер құрылысын орнату туралы бастамасы сәйкес келген жағдайда, ұсыныс ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде алдағы жылдың жоспарына енгізу үшін МАМ-ға жіберіледі.
Жоспарға ЖАО-ның ұсынысында қаржылық растау, жер учаскесін бөлу туралы шешім мен тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның хаттамасы болуға тиіс.
Жоспарға енгізілген және Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі республикалық комиссия бекіткен ұсыныс бойынша ЖАО мүсіншілер арасында 1 ай мерзімге республикалық шығармашылық конкурс жариялайды. Жарияланған республикалық конкурс қорытындысы бойынша конкурсқа келіп түскен барлық жұмыстардан үш үздік жұмыс жобасы анықталады. Бұл үш үздік жобаны ЖАО жанындағы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия айқындайды.
Келесі кезеңде үш үздік жоба МАМ жанындағы Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссияның қарауына келесі құжаттар мен материалдарды бірге жіберіледі:
- құрылысты орнатуды қаржыландыру туралы ақпаратты қамтитын ілеспе хат;
- құрылысты орнату үшін жер учаскесін бөлу туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімінің не қаулысының көшірмесі;
- 1:10 масштабынан кем емес кемінде үш жұмыс жобасы;
- құрылыстың орналасуының ситуативтік схемасы, төрт бағытты көрсетумен;
- 1:500 масштабында құрылыстың бас жоспарының макеті;
- құрылыстың архитектуралық-көркемдік, композициялық шешімдері туралы ақпаратты қамтитын түсіндірме жазба;
- жергілікті атқарушы органдар жанындағы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның хаттамасы.
Комиссия төрағадан, төраға орынбасарынан, Комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
Комиссия отырыстары кемінде үш айда бір рет өткізіледі. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия отырыстары аудио- және бейнежазбаны қолдану арқылы өткізіледі.
Құрылыстың жұмыс жобасы сапалы шығармашылық орындалуы, портреттік ұқсастығын ашу және тарихи оқиғаны көрсету тұрғысынан қарастырылады. Ұсынылған ситуативтік схема мен құрылыстың бас жоспарының макетін ескере отырып, құрылыстың дұрыс орналасуы айқындалады.
Комиссия отырыстың нәтижелері бойынша жұмыс жобасын мақұлдау немесе пысықтау туралы шешімдердің бірін шығарады.
Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде ЖАО-ға жолданады
Комиссия мақұлдаған құрылыстардың үздік жұмыс жобасы ЖАО тарапынан шынайы көлемде орындалады және жоспарға сәйкес мерзімдерде орнатылады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 92-бабы 1-тармағына сәйкес әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсiздiкке) шағым әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актіні қабылдау немесе әкімшілік әрекет жасау (әрекетсiздiк таныту) туралы белгілі болған күннен бастап үш айдан кешіктірмей әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.
Тарихи-мәдени мұра объектілеріне мәртебе беруді уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (МАМ) жанындағы Тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынысы мен тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының (ЖАО) ұсыныстары бойынша жүзеге асырады.
Тарихи-мәдени объектінің маңыздылығын анықтау үшін ЖАО тарихи-мәдени сараптама қорытындысын әзірлеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл жұмысқа тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында қызмет ететін, тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңнамасына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісінің аккредитациясы бар тұлғалар тартылады (Қазақстан Республикасының "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңының 36-бабы).
Ары қарай ЖАО мәдени-тарихи мұра объектісіне тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін беру мәселесін МАМ жанындағы Мәдени-тарихи мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның қарауына енгізу туралы ұсыныс береді.
Егер ЖАО толық құжаттар пакетін ұсынса, оның ішінде:
- тарихи-мәдени сараптама қорытындысы;
- мәдени-тарихи мұра объектісінің төрт ракурстан түсірілген фотосуреттері;
- Мәдени-тарихи мұра объектісінің есептік карточкасы;
МАМ ЖАО ұсынысын Арнайы комиссияның қарауына енгізеді.
Егер құжаттар пакеті толық болмаса, мәдени-тарихи мұра объектісіне тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін беру мәселесін қараудан бас тартуға негіз болады және бұл жағдайда құжаттар түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ЖАО-ға қараусыз қайтарылады.
Жергілікті атқарушы органдардың мәртебе беру туралы ұсыныстарын уәкілетті органның, оның ішінде арнайы комиссияның қарау мерзімі олар қарауға түскен күннен бастап 45 (қырық бес) күнтізбелік күнді құрайды.
Арнайы комиссия мәртебе беру туралы жергілікті атқарушы органдардың ұсынысын тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде қарайды.
Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер олар үшін комиссияның қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданған болып есептеледі. Дауыс беру осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру арқылы өткізіледі. Комиссия мүшелері ерекше пікір білдіруге құқылы, егер ол білдірілсе, жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса тіркелуі тиіс. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. Комиссия отырыстарының нәтижелері бойынша хаттама жасалады, оған комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төраға орынбасары қол қояды.
ЖАО ұсынысын қарау қорытындысы бойынша арнайы комиссия объектіге мәртебе беру немесе мәртебе беруден бас тарту туралы ұсыныстық сипаттағы шешім шығарады.
Уәкілетті органның ұсыныстарды келісу туралы шешімі негізінде ЖАО тарихи-мәдени мұра объектілерін жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері деп таниды және оларды жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне енгізеді. Арнайы комиссия ұсынған жаңа объектілерді Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізуді мәдени-тарихи маңызы бар объектілерді қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган, яғни ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 92-бабы 1-тармағына сәйкес әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсiздiкке) шағым әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актіні қабылдау немесе әкімшілік әрекет жасау (әрекетсiздiк таныту) туралы белгілі болған күннен бастап үш айдан кешіктірмей әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.
Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) (22-бап) театрлар репертуарды таңдауда ерікті.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында театрлардың репертуарныа белігілі бір талаптар қою қарастырылмаған.
Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік театрларда әрбір театрлық қойылымның көпшілік алдында орындауға және (немесе) көпшілік алдында көрсетуге дайын екендігі туралы шешімді театрдың көркемдік кеңесінің ұсынымы бойынша театр басшысы қабылдайды.
Мемлекеттік театрдың көркемдік кеңесінің құрамын және ол туралы ережені театр басшысы бекітеді.
«Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығына сәйкес, оператор – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру рәсімін басқаруды орындауға уәкілеттік берілген оның құрылымдық бөлімшесі. Бұл ретте мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін өнім берушілерді іріктеуді қамтиды.
Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруға қатысу үшін өнім беруші жергілікті атқарушы органнын ақпараттық жүйесі арқылы келесі құжаттарды өткізеді:
- мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруға қатысуға өтініш;
- жеке тұлғалар үшін – дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама немесе дара кәсіпкердің талоны, немесе дара кәсіпкердің куәлігі, заңды тұлғалар үшін-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
- шығармашылық үйірме қызметін ұйымдастыруға пайдалану үшін өнім берушінің меншігіндегі және (немесе) өзге де заңды негіздегі жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды ұсынады;
Жылжымайтын мүлікті пайдалану құқығын растайтын құжаттың мерзімі өнім беруші өтініш берген күннен кейін кемінде 10 (он) айды құрайды.
Мемлекеттік меншіктегі жылжымайтын мүлікті пайдаланған жағдайда қызмет көрсету туралы шарт ұсынылады, онда құқық белгілейтін құжаттарды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті беруші тікелей теңгерім ұстаушы болып табылады;
- эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны (оларды пайдалану) туралы хабарламаның көшірмесі;
- өнім беруші бекіткен оқу бағдарламасы:
оқу бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері;
болжамды шығармашылық нәтижелер;
оқу дәрежелері бойынша сабақтардың мазмұны (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 113 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес бір тақырыпқа жұмсалатын сабақтардың санын көрсете отырып, күнтізбелік бір жылға сабақтардың тақырыптарын аудару));
сабақтарды қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық жарақтандырудың сипаттамасы;
сабақтарды өткізу кестесі;
баланың заңды өкілдері үшін ішкі іс-шараларды, оның ішінде конкурстық (жарыстық), есептік іс-шараларды және ашық сабақтарды өткізудің жоспарланған кестесі;
сабақ өткізу үшін қажетті балалардың жеке мүкәммалы мен киім-кешегі туралы мәліметтер;
өнім беруші бекіткен шығармашылық үйірмеге қатысу регламенті;
шығармашылық үйірмеге қатысу регламенті;
- балалармен сабақ өткізу үшін тартылатын қызметкерлердің тізімі.
Оператор өнім беруші өтініш берген күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде өтінішті қарайды. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша өнім беруші көзделген талаптарға сәйкес келген кезде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруға қатысатын өнім берушілердің тізіміне енгізіледі. Өнім беруші көзделген талаптарға сәйкес келмеген кезде, өнім берушіге дәлелді бас тарту жіберіледі.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 92-бабының 1-тармағына сәйкес бас тарту туралы жауап келген күннен кейін, үш ай (3) мерзімде жоғары тұрған органға шағымдануыңызға болады.
«Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығына сәйкес, шығармашылық үйірмеге қабылдауға ваучер алу үшін баланың заңды өкілі кезекке қою үшін жергілікті атқарушы органның ақпараттық жүйесі арқылы электрондық өтініш береді.
Ваучерлер тізімге енгізілген өнім берушілердегі шығармашылық үйірмелердің бос орындарына кезек тәртібімен беріледі.
Ваучер берілгеннен кейін баланың заңды өкілінің өтініші кезектен алынады.
Ваучердің қолданылу мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды, осы уақыт ішінде баланың заңды өкілі шығармашылық үйірмеге қабылдау үшін қажетті құжаттарды жинауды және өнім берушімен шарт жасасуды жүзеге асырады.
Шарт жасасу үшін баланың заңды өкілі өнім берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:
1) шығармашылық үйірмеге қабылдау үшін еркін нысандағы өтініш;
2) баланың суреті;
3) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
4) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 027/е нысаны бойынша берілген медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама;
5) баланың заңды өкілін растайтын жеке куәлігінің көшірмесі.
Мүмкіндіктері шектеулі немесе ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар тобына қабылдау үшін баланың заңды өкілі өнім берушіге оның мәртебесін растайтын құжатты ұсынады.
Қазақстанда «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Өтінімдер Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 18 шілдедегі № 210 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидаларына» сәйкес қабылданады. Аталған қағидалар (www.mam.gov.kz) және (www.kitap-palatasy.kz) ресми интернет-ресурстарда орналастырылған.
Бұрын баспа көрмеген туындысы бар кез келген автор ағымдағы жылдың
1 ақпанынан 1 мамырға дейінгі аралықта жазбаша өтінімін сатып алып, басып шығару үшін (өтінім, жеке куәлік көшірмесі, шығарманың электрондық тасымалдағыштағы нұсқасы) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне тапсыра алады (кеңсенің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-10-12, 74-13-33).
Бұрын басылып шыққан шығармаларды қайта басып шығару бойынша өтінімдер ағымдағы жылдың 5 қаңтарынан 1 маусымына дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының порталында (байланыс телефондары: 8 (727) 397 61 97, 397 61 15) ЭЦҚ арқылы қабылданады (өтінім, жеке куәлік көшірмесі, шығарманың электрондық тасымалдағыштағы нұсқасы).
Түскен өтінімдер Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару жөніндегі Тәуелсіз, Ведомствоаралық және Сараптамалық комиссиялармен қаралып, шығарманың көркемдік құндылығы, өзектілігі және басып шығарудың мақсатқа сай болуы бағаланады. Комиссияның оң қорытындысы — шығарманы мемлекеттік тапсырыс бойынша басып шығаруға негіз болады.
Қолданыстағы ономастика саласындағы заңнамаға сәйкес елді мекендердің құрамдас бөліктеріне, мекемелерге атау беру және оларды қайта атау мәселесі өңірлік әкімдіктер мен мәслихаттардың құзыретіне жатады. Бұл ретте заңнамада халықтың пікірін ескеру, мекемеде ұжымдық жиналыс өткізу, мәселені өңірлік және республикалық ономастика комиссияларының отырысында қарау сияқты бірқатар рәсімдерді жүргізу көзделген. Қараудың барлық деңгейлерінде оң нәтижелер алынған жағдайда өңірлік әкімдік пен мәслихаттың бірлескен қаулысымен атау беру және қайта атау туралы шешім шығарылады.
Осы ретте жоғарыда аталған мәселелер бойынша жергілікті облыстық әкімдікке ұсыныс беру қажет