Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті қажылықты ұйымдастыруға қатысты келесіні хабарлайды.

Қажылық жасау  тек діни іс-шара болып табылады, себебі Исламдағы бес міндеттің біріне жатады.

Сонымен қатар, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген.

Осыған орай, қажылықты ұйымдастыруды тікелей Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (бұдан әрі – ҚМДБ) жүзеге асырады. ДІК және басқа да бірқатар мемлекеттік органдар өз құзыреті шеңберінде еліміздің азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында  жекелеген ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге көмек көрсетеді. 

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ҚМДБ басшылығына жүгінуді орынды деп санаймыз. Сонымен бірге, шариғатқа сәйкес қажылықты орындау міндеті, тек тиісті жағдайға, оның ішінде қаржылай жағынан мүмкіндігі бар мұсылмандарға ғана қатысты болып табылады.