Жиі қойылатын сұрақтар
Гранттарды алу үшін үміткер "масс-медиа туралы" ҚР Заңының 22-бабына сәйкес бұқаралық ақпарат құралы ретінде есепке қойылуы тиіс.
Бақ үшін гранттар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 29 қазандағы № 499-НҚ бұйрығымен бекітілген гранттарды беру және олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларына (бұдан әрі-қағидалар) сәйкес беріледі.
Ережеге сәйкес ұйымдастырушы конкурс туралы хабарландыруды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында орналастырады. Он жұмыс күні ішінде белгіленген нысандар бойынша өтінім және қажетті құжаттар беріледі. Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін барлық құжаттар ашылады және талаптарға сәйкестігі тексеріледі және ашу хаттамасы ресімделеді.
Өтінім мен құжаттар тізбесі белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда ұйымдастырушы екі жұмыс күні ішінде притендентті хабардар етеді және хабарламаны үміткердің электрондық мекенжайына жібереді. Үміткер үш жұмыс күні ішінде өтінімді пысықтайды.
Өтінім мен хабарлама бойынша құжаттар тізбесі жеткіліксіз болған жағдайда өтінім мен құжаттар тізбесі үміткерге қайтарылады. Өтінімдерді пысықтау кезінде үміткерлер конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасын екі жұмыс күнінен кешіктірмей қалыптастырады.
Сараптама комиссиясы он жұмыс күнінен кешіктірмей критерийлерге сәйкестікке өтінімдерді бағалауды жүргізеді және балдық бағалау қорытындылары бойынша қорытындыны ұсынады. Жеңімпазды анықтаудың шешуші критерийі-үміткердің шығармашылық ұсынысы. Қорытындыдан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде гранттар бөлу жөніндегі Комиссия қорытындылардың алдын ала хаттамасын қалыптастырады. Ұйымдастырушы мемлекеттік грант алмаған үміткерлерге үміткердің электрондық мекенжайына хабарлама жібереді.
Үміткерлер хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қарсылық білдіреді. Қарсылықтар болған кезде республикалық комиссия екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың өлшемшарттарына сәйкес ұсыныстар әзірлейді. Шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қорытындылардың түпкілікті хаттамасы ресімделеді. Гранттар бөлу жөніндегі комиссия шешімінің қорытындысы бойынша конкурс жеңімпаздарымен шарт жасалады.
Мемлекеттік тапсырысты алу үшін үміткер «Масс-медиа туралы» ҚР Заңының 22-бабына сәйкес бұқаралық ақпарат құралы ретінде есепке қойылуы тиіс.
Үміткерлерге мемлекеттік тапсырысты ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 6 қарашадағы № 526-НҚ бұйрығымен бекітілген өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына сәйкес беріледі.
Ережеге сәйкес, конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін үміткер 10 жұмыс күні ішінде белгіленген нысандар бойынша өтінім мен құжаттардың толық пакетін береді.
Ұйымдастырушы конкурс туралы хабарландыруды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында орналастырады. Үміткер Ақпараттық хабарлама орналастырылған келесі күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтінімді және белгіленген нысандар бойынша өңірлік Тапсырысқа қатысуға арналған құжаттардың толық пакетін ұсынады.
Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін өңірлік комиссия өтінімдер салынған конверттерді ашады және ашу хаттамасын рәсімдейді. Ашу хаттамасына қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінім мен құжаттар тізбесі белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеріледі. Өтінім мен құжаттар тізбесі сәйкес келмеген жағдайда ұйымдастырушы екі жұмыс күні ішінде үміткердің электрондық мекенжайына алдын ала рұқсат беру хаттамасынан үзінді көшірмені қоса бере отырып, ведомство жібереді. Үміткер үш жұмыс күні ішінде пысықтайды.
Өтінім мен хабарлама бойынша құжаттар тізбесі жеткіліксіз болған жағдайда өтінім мен құжаттар тізбесі үміткерге қайтарылады. Өңірлік комиссия үміткерлердің өтінімдерін пысықтау кезінде екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасын қалыптастырады. Жеңімпазды анықтаудың шешуші критерийі-үміткердің шығармашылық ұсынысы.
Өңірлік комиссия отырысқа өңірлік Тапсырысқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы рәсімделген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей үміткерлерді бағалайды.
Рұқсат беру хаттамасы рәсімделген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қорытындылардың алдын ала хаттамасы ресімделеді. Ұйымдастырушы мемлекеттік грант алмаған үміткерлерге үміткердің электрондық мекенжайына хабарлама жібереді. Үміткерлер хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қарсылық білдіреді.
Қарсылықтар болған кезде республикалық комиссия олардың құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өңірлік Тапсырысқа қатысуға өтінімдер бойынша тиісті ұсынымдар жібереді.
Қорытындылардың алдын ала хаттамасына қарсылықтар болған кезде өңірлік комиссия бір жұмыс күнінен кешіктірмей шешім қабылдайды. Өңірлік комиссия шешімінің қорытындысы бойынша конкурс жеңімпаздарымен он жұмыс күні ішінде өңірлік тапсырысты өткізуге шарттар жасалады.
Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 2-бабының 1-тармағына сәйкес, сөз бен шығармашылық еркіндігіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. Заңның 14-бабының 1-тармағына сәйкес, масс-медиа өнімдерін тарату меншік иесінің шешімімен өзі не шарттық немесе өзге де заңды негіздерде редакция, баспагер, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес,
Министрлік масс-медиа саласындағы уәкілетті орган ретінде БАҚ-тың редакциялық саясатына араласуға құқылы емес. Осыған байланысты, өтініште көрсетілген мәселе бойынша сізге тікелей бұқаралық ақпарат құралдарының редакциясына жүгіну ұсынылады. Телеарналармен байланыс үшін байланыс деректері: «Хабар» – r.safurina@khabar.kz «Қазақстан» – info@rtrk.kz «24kz» – astana@khabar.kz «КТК» – Dd@ktk-tv.kz «Евразия» – DIP@1TV.KZ «Атамекен» – news@inbusiness.kz «Жібек жолы» – jibekjolynews@ptrk.kz
Радиожиіліктерді үміткерлерге бөлу Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 20 тамыздағы № 364-НҚ бұйрығымен бекітілген, Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ережеге сәйкес үміткер белгіленген нысан бойынша телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім мен құжаттардың толық пакетін ұсынады.
Комиссия өтінімдер салынған конверттерді ақпараттық хабарламада көрсетілген мерзімде және орында үміткерлердің немесе олардың өкілдерінің қатысуымен ашады.
Өтінім нысанға сәйкес келмеген және үміткерлер құжаттар тізбесін ұсынбаған жағдайда, комиссия конверттерді ашқан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хаттаманы қоса бере отырып, үміткерге электрондық мекенжайға хабарлама жібереді және өзінің интернет-ресурсында өтінімдері бар конверттерді ашу рәсімінің нәтижелерін жариялайды.
Сәйкестендірілген өтінімдер мен құжаттар тізбесін Комиссия үміткер ұсынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды.
Комиссия өтінімдерді ашқаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде ресімдеудің толықтығы мен дұрыстығын, сондай-ақ ұсыныстардың шығармашылық мазмұнын бағалайды.
Үміткерге конкурс қорытындылары туралы хаттаманың жобасы қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлама жіберіледі.
Үміткер конкурс қорытындылары туралы хаттама жобасымен бірге хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде конкурс қорытындылары туралы хаттаманың алдын ала жобасына қарсылық береді.
Қарсылықтар қаралғаннан кейін, олар келіп түскен жағдайда, Комиссия төрағасы мен мүшелері конкурс хаттамасына қол қояды.
Екі жұмыс күні ішінде конкурс қорытындылары туралы ақпараттық хабарлама Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Конкурс жеңімпазы жиілікті пайдалануға рұқсат алу үшін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне өтініш жолдайды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 29 қазандағы № 500-НҚ бұйрығымен бекітілген телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес абоненттерге телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету туралы шарт негізінде көрсетіледі.
ҚР Азаматтық кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адам жасасқан және осындай адам өз қызметінің сипаты бойынша оған жүгінген әрбір адамға қатысты жүзеге асыруға тиіс тауарларды сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету жөніндегі оның міндеттерін белгілейтін шарт жария шарт деп танылады.
Осыған байланысты, Министрліктің телерадио хабарларын тарату операторы мен абонент арасындағы шарттық міндеттемелерден туындайтын құқықтық қатынастарға араласуға құқығы жоқ.
Жасалған шарт шеңберінде абонент пен телерадио хабарларын тарату операторы арасында даулы мәселелер туындаған жағдайда тікелей телерадио хабарларын тарату операторының атына не сотқа жүгінуді ұсынамыз.
Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі міндеттерінің бірі жастарды, оның ішінде этностардың жас өкілдерін жалпыұлттық келісім мен бірлік негізінде дамыту және шоғырландыру, жастар бастамалары мен жобаларын қолдау болып табылады.
Осыған байланысты, 2021 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан қоғамдық құрылым – «Ассамблея жастары» қоғамдық ұйымы құрылды.
«Ассамблея жастары» - республиканың барлық өңірлерінде өз өкілдіктері бар республикалық қоғамдық ұйым. Оның құрылымына Студенттер Ассамблеясы, Жас ғалымдар клубы, «Жаңа толқын» жобасы кіреді.
Бүгінгі таңда «Ассамблея жастары» әлеуметтік белсенді және прогрессивті жастар қатарынан 9 мыңнан астам адамды біріктіреді.
«Ассамблея жастары» еліміздің ірі жастар ұйымдары мен бірлестіктерінің іс-шаралары мен жобаларына белсенді қатысады.
Олардың тікелей қатысуымен әлеуметтік маңызы бар жобалар мен бастамалар, соның ішінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы, талантты жастарды қолдау бойынша «Жаңа толқын» акциясы, көптеген еріктілер мен қайырымдылық акциялары іске асырылуда. Жыл басынан бері барлығы 900-ден астам осындай іс-шаралар өткізілді.
Сондай-ақ, «Ассамблея жастары» қызметі жастарды әлеуметтік қолдау, ауыл жастарымен өзара іс-қимыл, әсіресе этностардың ықшам тұратын жерлерінде, мемлекеттік тілді дамыту, шығармашылық және әлеуметтік белсенді жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру жөніндегі шараларды іске асыруды қамтиды.
ҚХА Аналар кеңесі өскелең ұрпақтың адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеуге, көп балалы аналарды қолдауға, жас ұрпақ арасында ұлттық құндылықтарды дамытуға және ілгерілетуге, қайырымдылық іс-шараларға бағытталған белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінде 1717 аналар кеңесі (оның ішінде 1 Республикалық, 17 облыстық, 3 республикалық деңгейдегі қалалық, 72 қалалық, 166 аудандық, 1464 ауылдық және этномәдени объектілерде) өз қызметін белсенді жүргізеді, олардың құрамында 12 мыңнан астам адам бар. Мысалы, Аналар кеңесінің барлық өңірде іске асырылып жатқан «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» республикалық жобасы болашақ ұрпағымыздың бойындағы адамгершілік, ізгілік құндылықтарын сақтау жөніндегі қайырымдылық миссияның жарқын үлгісі болды. Қазіргі уақытта жоба өңірлерде төрт бағыт бойынша сәтті жүзеге асырылуда: «Тұлға тәрбиелеген отбасы», «Бақытты ана – бақытты отбасы», «Тұғырлы отбасы – бақытты балалық шақтың бастауы», «Жақсылыққа жетелейтін жандар».
2024 – 2025 жылдары республикада барлығы 5000-нан астам іс-шара (дөңгелек үстелдер, қоғамдық қабылдаулар мен кездесулер, мәдени-бұқаралық іс-шаралар, семинар-тренингтер, қайырымдылық акциялары және т.б.) өткізілді, оған 200 мыңнан астам адам қатысты.
Аналар кеңесінің – «Салауатты сана» жобасын атап өтуге болады, оның міндеті мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарға деструктивті мінез-құлық үлгілеріне және қоғамның бес әлеуметтік кеселіне: нашақорлыққа, құмар ойындарға, отбасындағы және қоғамдағы зорлық-зомбылыққа, вандализмге, ысырапшылдыққа қарсы іс-қимыл және жою жөніндегі практикалық, сараптамалық, ақпараттық-түсіндіру және басқа да шаралар кешенін әзірлеу, іске асыру бойынша жәрдемдесуді ұйымдастыру болып табылады.
1.Қаржылық қолдау алу тәртібі.
Жобаны бюджет қаражаты есебінен іске асыру үшін белгіленген ресми рәсімнен өту қажет.
1-қадам: жобалық өтінімді дайындаңыз және онда жоба туралы ақпаратты көрсетіңіз.
* мақсаты мен міндеттері;
* күтілетін нәтижелер;
* аудитория және қамту;
* алдын ала шығындар сметасы;
* іс-шаралар жоспары.
2-қадам: мемлекеттік сатып алу конкурстары туралы хабарландыруларды қадағалаңыз.
Ақпаратты табуға болады:
* Веб-порталда www.goszakup.gov.kz (Мемлекеттік сатып алу үшін);
3-қадам: порталда қолайлы Мемлекеттік сатып алу конкурсын табыңыз.
* Веб-порталда www.goszakup.gov.kz (Мемлекеттік сатып алу үшін);
4-қадам: қатысуға өтініш беріңіз.
Конкурс жарияланған кезде Сіз белгіленген мерзімде өтініш бере аласыз. Егер Сіздің өтініміңіз іріктеуден өтсе, Сіз бастаманы жүзеге асыру үшін қаржы ала аласыз.
Министрлік конкурстық құжаттаманың жобасы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың жобасын орналастырады.
Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдер беруінің түпкілікті күнінің мерзімі конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы және бекітілген конкурстық құжаттаманың мәтіні орналастырылған күннен бастап кемінде бес жұмыс күнін құрайды.
Мемлекеттік сатып алу арқылы қаржыландыруды алуға арналған конкурсқа заңнаманың талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуетті өнім берушілер қатыса алады. Жалпы алғанда, бұл болуы мүмкін:
- Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалар (компаниялар, ҮЕҰ, шығармашылық бірлестіктер және т.б.).
- Тиісті тіркеуі бар жеке кәсіпкерлер (ЖК).
- Шетелдік заңды тұлғалар – жекелеген жағдайларда, егер бұл сатып алу шарттарында көзделсе (резидентентыстер)
Қатысудың негізгі шарттары:
* Мемлекеттік тіркеудің болуы (ЖК немесе ЖШС және т.б.).
* Салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша қарыздардың болмауы.
* Жосықсыз жеткізушілер тізілімінде мәліметтердің болмауы.
* Техникалық ерекшелік және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі.
* Еңбек өтілі, тәжірибесі, лицензиясы бойынша шарттарды орындау-егер бұл талап етілсе.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауы конкурстық құжаттаманы бекітудің міндетті шарты болып табылады, олар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын болады.
Әлеуетті өнім берушілер конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулерді, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей министрлік жанындағы конкурстық комиссияның веб-порталы арқылы жібере алады.
Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы ескертулер, сондай-ақ сұрау салулар болған кезде министрлік конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мынадай шешімдер қабылдайды:
1) конкурстық құжаттама жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
2) конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулерді оларды қабылдамаудың негіздемелері мен себептерін көрсете отырып қабылдамайды;
3) конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсініктеме береді.
Шешімдер қабылданған күннен бастап конкурстық құжаттама бекітілген болып саналады.
Министрлік жанындағы конкурстық комиссия конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасын орналастырады.
Конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау хаттамасы жұмыс күндері жұмыс уақытында (Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін) орналастырылады.
Бұл ретте өтінімдерді қабылдау алдын ала талқылау хаттамасы орналастырылған күннен кейін келесі жұмыс күні (Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09.00-ден бастап) жүзеге асырылады.
Конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Министрлік конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау хаттамасымен конкурстық құжаттаманың жобасын алған әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, конкурстық құжаттаманың бекітілген мәтінін орналастырады.
Конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасында конкурстық құжаттама жобасына келіп түскен ескертулер және олар бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпарат қамтылады.
Конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасына вице-министр қол қояды. Өтінім қабылданбаған немесе негізсіз қабылданбаған жағдайда, Сіз "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ Заңына сәйкес шағым беруге құқығыңыз бар.
Шағым мемлекеттік сатып алу саласындағы конкурс министрліктерінің жанындағы Мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша әлеуетті өнім берушілердің шағымдарын қарау жөніндегі комиссияға беріледі:
* Мемлекеттік сатып алу порталы (www.goszakup.gov.kz) - электрондық форматта;
Шағымда мыналарды көрсету қажет:
* Өтініш берушінің атауы және ЖСН/БСН;
* Бұзушылықтың мәні;
* Шағымның дәлелдерін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беріңіз.
- Комиссия шешіміне шағымдану тәртібі.
Әлеуетті өнім беруші Комиссияның (сарапшының) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, егер олардың әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шағымдануға құқылы.
Министрлік жанындағы Мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша әлеуетті өнім берушілердің шағымдарын қарау жөніндегі комиссия шағым беру мерзімі өткен күннен кейін үш жұмыс күні ішінде шағымды қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Министрлік жанындағы Мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша әлеуетті өнім берушілердің шағымдарын қарау жөніндегі комиссия әлеуетті өнім берушінің шағымын қанағаттандыру туралы шешім қабылдаған жағдайда, конкурстық комиссия министрлік жанындағы Мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша әлеуетті өнім берушілердің шағымдарын қарау жөніндегі комиссияның тиісті шешімі қабылданған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде конкурс қорытындыларын қайта қарауды жүзеге асырады.
Әлеуетті өнім берушінің шағымын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда
Министрлік жанындағы Мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша әлеуетті өнім берушілердің шағымдарын қарау жөніндегі комиссия бұл шешімді бас тарту себептерін егжей-тегжейлі сипаттай отырып, веб-порталда орналастырады.
Министрлік жанындағы Мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша әлеуетті өнім берушілердің шағымдарын қарау жөніндегі комиссияның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымда, шешімдерінде:
1) шешімдеріне шағым жасалатын заңды тұлғаның, сарапшының атауы, орналасқан жері, әрекеттері (әрекетсіздігі);
2) шағым берген тұлғаның атауы, орналасқан жері;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзушылықтар шеңберінде жасалған мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер;
Шағымға оны берген адам немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл берген шағымға сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге де құжат қоса берілуге тиіс.
Шағым келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны берген адамға қараусыз қайтарылады, егер:
1) Егер Министрлік жанындағы Мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша әлеуетті өнім берушілердің шағымдарын қарау жөніндегі комиссияның шешімдерінде мыналар қамтылуға тиіс болса, шағым талаптарға сәйкес келмейді;
- шешімдеріне шағым жасалатын заңды тұлғаның, сарапшының атауы, орналасқан жері, әрекеттері (әрекетсіздігі);
2.шағым берген тұлғаның атауы, орналасқан жері;
- шеңберінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзушылықтар жасалған мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер;
- қажет болған жағдайда растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзудың нақты фактілеріне нұсқау;
Шағымға шағым берген адамның дәлелдерін растайтын құжаттар қоса берілуі мүмкін.
2) шағымға қол қойылмаған не оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойған шағым.
Мерзім өткеннен кейін берілген шағым қарауға жатпайды. Министрлік жанындағы Мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша әлеуетті өнім берушілердің шағымдарын қарау жөніндегі комиссияның шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылдаған шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Кинематография саласындағы мемлекеттік қолдауды ұлттық фильмдер деп тануға үміткер киножобаларды шығару бойынша конкурстық іріктеу жолымен Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық) Сараптамалық кеңес пен ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 15 наурыздағы № 64 бұйрығымен бекітілген Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін жыл сайын 5 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының басым бағыттарын, жолдауларды ескере отырып, алдағы конкурсқа арналған басым тақырыптарды қалыптастырады, бекітеді және Орталыққа жібереді.
Орталық басым тақырыптарды алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Орталықтың интернет-ресурсында алдағы конкурстық іріктеуге басым тақырыптарды орналастырады.
Ұлттық фильмдер деп тануға үміткер киножобалар екі кезеңде қаралады.
Бірінші кезеңде – киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жоспарларын қарау.
Екінші кезеңде – киножобаларды қарау.
Конкурстық іріктеудің бірінші кезеңі:
1) Орталықтың интернет-ресурсында киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жоспарларын конкурстық іріктеудің басталғаны туралы хабарландыруды жариялаудан;
2) киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жоспарларын қарау туралы өтінішті қабылдаудан;
3) киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жоспарларын қараудан тұрады.
Киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жоспарларын дайындау мерзімі басым тақырыптарды Орталықтың интернет-ресурсында орналастырған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайды.
Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзім өткен соң Орталық өзінің интернет-ресурсында киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жоспарларын конкурстық іріктеудің басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады.
Киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жобаларын конкурстық іріктеудің басталғаны туралы хабарландыру оны өткізу мерзімдері, кезеңдері, конкурстық іріктеудің негізгі шарттары туралы мәліметтерді қамтиды.
Конкурстық іріктеудің бірінші кезеңіне қатысу үшін өтініш берушілер киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жоспарларын конкурстық іріктеудің басталғаны туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Орталыққа электронды түрде:
1) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жоспарларын қарауға өтінішті;
2) ойын фильміне PDF форматындағы сценарийді, анимациялық фильмге PDF форматындағы сценарийді және 2 (екі) бас кейіпкердің эскизін, деректі және хроникалы фильмдерге арналған сценарий жоспарын;
3) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесімен авторлық шартты және (немесе) өтініш беруші және сценарий немесе сценарий жоспарының авторы арасындағы алдын ала шартты енгізеді.
Өтініш беруші фильмнің әрбір түрі бойынша 2 (екі) аспайтын сценарийді ұсынады: ойын фильмі, анимациялық фильм, деректі және хроникалы фильмдер.
Ойын және анимациялық фильмдердің сценарийі Орталыққа киножобаны беру жоспарланған тілде ұсынылады.
Орталық осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушілер ұсынған құжаттарды Сараптама кеңесінің қарауына енгізеді. Сценарийлерді немесе сценарий жоспарларын Сараптама кеңесінің мүшелері фильмдердің түрлері бойынша секцияларда қарайды: көркем фильм, анимациялық фильм, деректі және хроникалы фильмдер.
Сараптама кеңесі киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жоспарларын:
1) басым тақырыптарға;
2) киножобаның сценарийінің немесе сценарий жоспарының тұжырымдамаларына;
3) сюжеттің құрылымына;
4) драматургия қағидаттарына;
5) киножобаның сценарийінің немесе сценарий жоспарының техникалық пысықталуына;
6) кейіпкерлердің бейнесі мен мінездерінің және диалогтардың ашылу сәйкестігіне қарайды.
Конкурстық іріктеудің бірінші кезеңінің қорытындысы Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы уәжді негіздемелері көрсетіле отырып, киножобалардың сценарийлері немесе сценарий жоспарларын қарау аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде хаттамамен ресімделеді.
Орталық өтініште көрсетілген электрондық пошта арқылы 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтініш берушілерді қарау нәтижелері және конкурстық іріктеудің келесі кезеңіне құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабардар етеді.
Конкурстық іріктеудің екінші кезеңі:
1) Сараптама кеңесінің конкурстық өтінімдерді қабылдауынан және қарауынан;
2) питчингтің нәтижелері бойынша Сараптама кеңесінің қорытындысын енгізуден;
3) Кинематография саласындағы мемлекеттік қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Сараптама кеңесінің қорытындысын қарауынан және киножобаларды қаржыландыру туралы шешім қабылдауынан тұрады.
Конкурстық іріктеудің бірінші кезеңі бойынша оң қорытынды алған өтініш берушілер хабарламаны алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Орталықтың электрондық поштасына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және жеке тұлға үшін жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаны немесе заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
3) киножоба;
4) киножобаның аннотациясы;
5) фильмнің түсірілім тобының (продюсер, қоюшы режиссерлер) құрамымен жасалған шарттардың көшірмелері және олардың жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері;
6) салық төлеушінің кабинетінен өтініш берушінің экономикалық қызметінің негізгі түрінің деректері бар үзінді көшірмесі;
7) кинематографиялық қызметтің шетелдік немесе қазақстандық субъектілерімен бірлесіп шығарылатын киножобалар үшін конкурстық өтінім беру күніне барлық қосымша келісімдермен бірге киножобаны шығаруға әрбір тең продюсердің қатысу үлесін міндетті түрде көрсете отырып, фильмді бірлесіп шығару туралы алдын ала жасалған шарт немесе келісімшарт, сондай-ақ шығарудың қаржылық жоспары қосымша ұсынылады;
8) «Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру қағидаларын және қаржыландыру көлемдерінің нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 140 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18697 болып тіркелген) Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру қағидаларына сәйкес киножобаны шығаруға арналған смета;
9) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берілетін кинематография саласында өтініш беруші немесе продюсер іске асырған жобалардың бар екені туралы мәліметтер;
10) конкурстық өтінімді беру күніне дейін 3 (үш) жұмыс күннен аспайтын салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді Орталықтың электрондық поштасына ұсынады.
Қағидалардың 13-тармағы 9) тармақшасының талаптары дебюттік фильмдерге қолданылмайды.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтініш берушілер:
1) құқық қабілеттілігіне (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілеттілігіне (жеке тұлғалар үшін) ие болуы;
2) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салықтық берешегінің болмауы;
3) банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы керек (мәліметтер Орталықпен тексерілерді).
Орталық конкурстық өтінімдерді қабылдайды және осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігіне қарайды.
Конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен конкурстық өтінімдер өтініш берушіге қараусыз қайтарылады.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Орталық өтініш берушінің өтінішінде көрсетілген электрондық поштасына конкурстық өтінімді осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес келтіру қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Өтініш беруші пысықталған конкурстық өтінімді және құжаттардың тізбесін хабарламаға сәйкес оны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынады.
Конкурстық өтінім хабарлама жіберілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні өткеннен кейін осы Қағидалардың 13-тармағына қайта сәйкес келмеген жағдайда, Орталық конкурстық өтінімді өтініш берушіге қайтарады.
Орталық осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес келетін конкурстық өтінімдерді конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Сараптама кеңесінің қарауына жібереді.
Орталық конкурстық өтінімдерді Сараптама кеңесіне жібергеннен кейін питчинг өткізілетін күнге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде конкурстық өтінімдері Қағидалардың 13-тармағына сәйкес келетін өтініш берушілерге өтініште көрсетілген байланыс телефондарының нөмірлеріне қоңырау шалу және (немесе) электрондық поштасына хабарлама жіберу арқылы питчингтің өткізу күні, уақыты және орны туралы хабарлайды, сондай-ақ тиісті хабарландыруды Орталықтың интернет-ресурсында орналастырады.
Питчинг ашықтық, айқындық қағидаттарында өткізіледі және Орталықтың интернет-ресурсында және әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында онлайн-трансляциялар режимінде өтеді.
Питчингте Қазақстан Республикасының «Кинематография туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 1-тармағында көзделген негіздерге сәйкестігі нысанасында киножобалармен танысу және қарау мақсатында оларды қорғау жүзеге асырылады.
Питчингтің қорытындысы бойынша Сараптама кеңесі олардың Заңның 14-бабының 1-тармағында көзделген негіздерге сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы негіздей отырып, әрбір киножоба бойынша тиісті қорытынды шығарады. Питчингтің қорытындысы хаттамамен ресімделеді және оған оның мүшелері қол қояды.
Питчингтің нәтижелері питчинг хаттамасына қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Орталықтың интернет-ресурсында орналастырылады.
Орталық Сараптама кеңесінің қорытындысын қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізеді.
Ведомствоаралық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысқан мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе қабылданды деп саналады. Ведомствоаралық комиссия мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші дауыс болып табылады. Егер отырысқа Ведомствоаралық комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды болып саналады.
Ведомствоаралық комиссияның отырысы Сараптама кеңесінің қорытындысын алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өткізіледі. Ведомствоаралық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және оған оның мүшелері қол қояды.
Орталық Ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Министрлікке Ведомствоаралық комиссияның ұсынымын енгізеді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 92 бабының 1-тармағына сәйкес өтініш беруші Ведомствоаралық комиссияның шешіміне шағымды үш айдан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне беруге құқылы.
Қазақстан Республикасы «Кинематография туралы» Заңының (бұдан әрі – Кино туралы заң) 7-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында фильмді прокаттау және көрсету ол Мемлекеттік фильмдер тізілімінде тіркелген кезде ғана және берілген прокаттау куәлігіне сәйкес жүзеге асырылады (осы талап бұрынғы КСРО-ның кинематографиялық ұйымдары шығарған фильмдерге қолданылмайды, және де фестивальдарда, семинарларда, ретроспективада көрсету жағдайларын қоспағанда).
Мемлекеттік фильмдер тізілімінде тіркелген фильмге прокаттау куәлігі беріледі.
Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағидалар) нысан бойынша прокаттау куәлігін беруді жүзеге асырады.
Осы фильмге Қағидалар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және Кино туралы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және фильмге прокаттау куәлігін беру тәртібін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) айқындайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталдары арқылы (бұдан әрі – Портал) Мәдениет Комитетіне Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда прокаттау куәлігін алу үшін өтінішпен (бұдан әрі – өтініш), Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында (бұдан әрі – Тізбесі) көрсетілген құжаттарды:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес көрсетілетін өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) өтініш берушінің фильмге немесе оны пайдалануға құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (шет тіліндегі құжаттарға қазақ және (немесе) орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса беріледі);
3) жас санатын анықтау үшін бар барлық көріністерді сипаттай отырып, фильмнің мазмұны туралы ақпаратты қамтитын фильмнің аннотациясы;
4) Қазақстан Республикасында шығарылған фильмдерде пайдаланылатын туындылар туралы мәліметтерді ұсынуы қажет.
Мәдениет комитетінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінішті тіркеген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері құжаттарды тіркеген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Мәдениет комитеті басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 7 (жеті) күн.
Өтініш беруші көрсетілген құжаттарды тіркеу күнінен бастап, құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, Мәдениет комитетінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінішті тіркеген кезден бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарастырады және Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастырады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін Мәдениет комитеті көрсетілетін өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін өтініш берушіге позициясын білдіру мүмкіндігі үшін хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің қалыптастырылған жобасын Мәдениет комитетінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде басшылыққа бұрыштама қоюға (қол қоюға) жолдайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер Тізбенің 9-тармағында көрсетілген:
1) көрсетілетін өтініш берушінің анық емес (және) немесе бұрмаланған ақпарат беруі;
2) көрсетілетін өтініш берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар мен материалдарды ұсынбауы;
3) фильмнің мазмұны Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды, сондай-ақ порнографияны насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталуы;
4) прокатталуы шектеулі фильмдерді қоспағанда, қазақ тілінде жасалмаған фильмге дубляж жасалмаған не субтитрленбеген не қазақ тіліне кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз етілмеуі;
5) прокатталуы шектеулі фильмдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында шығарылған фильмде қазақ тілімен қатар басқа да тілдер қолданылған жағдайда, оны прокаттауды және көрсетуді жүзеге асыру кезінде басқа тілдердегі мәтін қазақ тілінде субтитрмен не кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз етілмеуі;
6) көрсетілетін өтініш берушінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
Фильмге прокаттау куәлігін беру Қағидаларға сәйкес тегін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі өтініш берушінің «жеке кабинетіне» Мәдениет комитетінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Егер Мәдениет комиеті белгіленген мерзімде прокаттау куәлігін бермеген не прокаттау куәлігін беруден дәлелді бас тартуды ұсынбаған жағдайда, оларды беру мерзімі өткен күннен бастап прокаттау куәлігі берілді деп есептеледі.
Мәдениет комитеті прокаттау куәлігін беру мерзімі өткен сәттен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті прокаттау куәлігін береді.
Телеарналарда фильмдердің прокатталуы және көрсетілуі Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қағиданың 13-тармағына сәйкес бұрын прокаттау куәлігін беру үшін негіз болған фильм туралы ақпараттың дұрыс еместігі және (немесе) бұрмалануы анықталған жағдайда, Мәдениет комитеті прокаттау куәлігінің қолданылуын тоқтата тұрады.
Прокаттау куәлігінің қолданылуы прокаттау куәлігінің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан себептерді жою үшін қажетті мерзімге, бірақ күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Прокаттау куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім оны берген тұлғаның не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен ресімделеді және Мәдениет комитеті мән-жайларды анықтаған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ресімделеді және прокаттау куәлігін алған жеке немесе заңды тұлғаны қабылданған шешім туралы хабардар еткен күннен бастап күшіне енеді.
Прокаттау куәлігінің қолданылуы прокаттау куәлігін алған жеке немесе заңды тұлғаның прокаттау куәлігінің қолданылуын бұрын тоқтата тұруға әкеп соққан мән-жайларды жою туралы жазбаша өтініші тіркелген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде прокаттау куәлігінің қолданылуын тоқтата тұрған тұлғаның не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен қайта жаңартылады.
Прокаттау куәлігін тоқтата тұру үшін бұрын негіз болған мән-жайлар жойылмаған жағдайда, дау туындаған кезде Мәдениет комитеті прокаттау куәлігін сот тәртібімен қайтарып алады.
Шағым жасау тәртібі Қағидалардың 14-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін Мәдениет комитетінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Министрлікке, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне беріледі.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Көрсетілетін Мәдениет комитетінің атына келіп түскен көрсетілетін өтініш берушінің шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің атына келіп түскен көрсетілетін өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.