ЦДИАӨМ хабарландыруЫ
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2024 жылғы 9 қыркүйекке сағат 15:00-ге белгіленген «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің көрсетілетін қызметтеріне арнайы құқықтар субъектісінің тарифтерін бекіту тақырыбы бойынша қоғамдық тыңдау 2024 жылғы 16 қыркүйекке сағат 16:00-ге ауыстырылғанын хабарлайды.
Тыңдауларға қатысу үшін мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, тәуелсіз сарапшылар және табиғи монополиялар субъектілері шақырылады.
Талқылауға қатысқысы келетіндерді тіркеу үшін +7(7172)649494 хабарласыңыз немесе өтінімдерді мына электрондық поштаға жіберіңіз: a.seitov@mdai.gov.kz Тыңдауға қатысу сілтемесі тіркелген қатысушыларға жіберіледі. Қатысуға өтінімдер 2024 жылғы 13 қыркүйекке дейін, сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қабылданады.
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Сеитов Азамат +7(7172) 649494 a.seitov@mdai.gov.kz
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
Мукушев Дидас +7(7172)701 999 (3157), +77016667184 Didas.Mukushev@nitec.kz