Ашық НҚА порталында орналастыру жоспарланып отырған ЖИЦДМ НҚА жобасы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының «Өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар  енгізу туралы Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бұйрығының жобасы.

Жоба Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 19 маусымдағы № 320-VIII «Телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының шеңберінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңы 1 қосымшасының 12 жолына өзгертулерге сәйкес әзірленді.

 (2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап 2026 жылғы 29 қыркүйекке дейінгі аралықта қоғамдық талқылау).

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15906700