Ашық НҚА порталында орналастырылған ЖИЦДМ НҚА жобасы
«Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі қағидаттары мен шарттары туралы негіз қалаушы мемлекетаралық келісімнің қолданысын қайта жалғастыру, осылайша Ресей Федерациясымен «Байқоңыр» ғарыш айлағын Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының азаматтық және қорғаныс ғарыштық бағдарламаларын, халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын жүзеге асыру үшін пайдаланудың құқықтық негізін құру және жекелеген нормаларды жаңарту мақсатында қаулы жобасы әзірленді.
Қаулы жобасында келісімге өзгерістер енгізу көзделеді: Ленинск қаласының атауын Байқоңыр қаласына ауыстыру, 2008 жылдан бастап «Байқоңыр» ғарыш айлағы командирінің өзекті емес лауазымын алып тастау, Қазақстан Республикасының азаматтық және қорғаныстық ғарыштық бағдарламаларына қатысуы туралы жаңа ережемен толықтыру және т.б.
Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әзірленген және басқа нормативтік құқықтық актілерге өзгертулер немесе толықтырулар енгізуді көздемейді.