Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ өтінімі бойынша тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2023 жылғы 28 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 15-00-де "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым (АКИ) операторына бекітілген "Электрондық үкіметтің" АКИ объектілерінің қызметтеріне арнайы құқық субъектісінің тарифтерін бекітуге арналған "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ өтінімі бойынша тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

Осыған байланысты біз мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, тәуелсіз сарапшылар мен табиғи монополиялар субъектілерін жоғарыда аталған қызметтерге тарифтер жобасын талқылауға шақырамыз.

Тыңдаулар Microsoft Teams қосымшасы арқылы онлайн-кеңес режимінде өткізіледі. Сілтеме кездесудің тіркелген қатысушыларына бөлек жіберіледі.

Талқылауға қатысуға ниет білдірушілерді тіркелу үшін +7(7172)649-493 телефонына хабарласуыңызды немесе өтінімдерді e.zhumash@mdai.gov.kz электрондық поштасына жіберуіңізді сұраймыз.

Қатысуға өтінімдер 2023 жылғы 20 наурызға дейін, сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қабылданады.

Қосымша ақпарат алу үшін:

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі:

Жұмаш Эльмира +7 (7172)649-493 /e.zhumash@mdai.gov.kz

"Ұлттық ақпараттық технологиялар"АҚ

https://www.nitec.kz/

Ахметжанова Динара +7(7172)701 999 (3297) / Dinara.Akhmetzhanova@nitec.kz.