Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру саласындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру саласындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі.

Заң жобасында мемлекеттік органдардың функциялары мен әкімшілік рәсімдерді заңнамалық деңгейде шамадан тыс реттеуді жою ұсынылады.

Бұл ретте мемлекеттік және қоғамдық секторды цифрлық трансформациялау жөніндегі негізгі басымдықтарды, сондай-ақ жаһандық технологиялық трендтерді ескере отырып, цифрландыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары мен міндеттері қайта қаралатын болады.

Осыған байланысты, заңнамалық деңгейде цифрландыру субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, олардың жауапкершілігін, бақылау және қадағалау функцияларын қозғайтын Конституцияның 61-бабының талаптарына сәйкес жауапты мемлекеттік органдардың негізгі міндеттері мен қағидалары, функциялары айқындалатын болады.

Басқа мәселелер бойынша барлық функцияларды жеделдік үшін уәкілетті органдардың ережелерінде заңға тәуелді деңгейде айқындау ұсынылады.

Бұл уәкілетті органдарға сыртқы және ішкі бизнес-процестерді оңтайландыру, жобалық басқарудың озық тәжірибелері мен цифрлық шешімдерді енгізу жөнінде жедел шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Бұл ретте азаматтар мен бизнестің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға байланысты уәкілетті органдардың барлық қолда бар функцияларына ревизия жүргізілетін болады.

Ревизия қорытындысы бойынша мемлекеттік функциялардың бір бөлігі жойылады не халыққа және бизнеске сапалы мемлекеттік цифрлық сервистерді (қызметтерді) ұсынуға қайта бағдарланады.