Ағымдағы жылдың 31 тамызында Министрлікте Қоғамдық кеңестің отырысы өтті
Қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында атқарылған жұмыстар туралы өз баяндамаларымен Телекоммуникация комитеті төрағасының орынбасары – Ибрагимов Жақсылық Бахытұлы, Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Жукенов Амангелді Серікбайұлы сөз сөйледі.
Өз сөзінде Телекоммуникация комитетінің өкілі байланыс саласын дамыту жөніндегі жұмыстың жалғасатынын атап өтті.
Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша байланыс операторлары 768 АЕМ-де мобильді интернеттің сапасын жақсартты.
Байланыс қызметтерінің сапасын бақылау шеңберінде 2022 жылдың қорытындысы бойынша 1175 тексеру жүргізілді және 1,832 млрд. теңге сомасына айыппұл жазылды (916 млн. теңге жеңілдікті ескере отырып бюджетке төленді).
Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары
А. С. Жүкенов дербес деректерді қорғауды күшейту жөніндегі заңнамаға жаңа түзетулер әзірлеу туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік, дербес деректерді қорғау, электрондық цифрлық қолтаңба салаларында жүргізілген тексерулер туралы атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері дауыс беру қорытындысы бойынша 2022 жылғы есептерді қабылдады.