Алқабилерге кандидаттардың тізімін қалыптастыру процесін автоматтандыру
«Алқабилер туралы» ҚР Заңы шеңберінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап алқабилерге кандидаттардың тізімін қалыптастыру процесі «Smart Data Ukimet» АТЖ құралдары арқылы жүзеге асырылады. Бұл ҚР ЦДИАӨМ, ҚР ЖС, «ҰАТ» АҚ бірлесіп жүргізген жұмыстарының нәтижесінде мүмкін болды.
Бұл қадам әділдік пен әділеттіліктің тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды кезең болып табылады.
Бұл процесті автоматтандыру:
- қателіктердің ықтималдығын азайтып, іріктеу процесін жылдамдатуға;
- адами факторды қоспағанда, кандидаттар тізімін қалыптастыру процесінде ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз етуге;
- белгіленген талаптарға сәйкес неғұрлым қолайлы және құзыретті алқабилердің тізімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әлеуетті кандидаттарды кеңінен тартуға ықпал етеді.
Бүгінгі таңда автоматты режимде Қазақстанның түрлі облыстарында 10-нан астам сот процестері бойынша алқабилердің тізімдері қалыптастырылды.