Ашық НҚА порталында орналастырылған ЖИЦДМ НҚА жобасы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының жобасы (бұдан әрі – жоба) Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 83-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген.
Жобада цифрлық объектілерді өзара, сондай-ақ сыртқы «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік емес цифрлық жүйелермен интеграциялау тәртібін белгілеу үшін «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту көзделген.
Талқылау мерзімі: 2026 жылғы 30 наурызға дейін