Ашық НҚА порталында орналастырылған ЖИЦДМ НҚА жобасы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі бұйрығының жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Түзетулер Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында енгізіледі.
Осыған байланысты «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығының (бұдан әрі – бұйрық) кіріспесіне және көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларының 1, 2, 3 (1-тармақша), 4, 5, 6, 7 ,10, 12-тармақтарына өзгерістер енгізу ұсынылады.
Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі талап етілмейді.
Бұйрықтың жобасы сараптамалық қорытындылар алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15776111