Ашық НҚА порталында орналастырылған ЖИЦДМ НҚА жобасы

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі бұйрығының жобасын әзірледі.

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 256-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 97-тармағына сәйкес әзірленді.

Жоба пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларының ережелерін Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексімен белгіленген жаңартылған терминология мен нормаларға сәйкестендіру мақсатында әзірленді.

Жобаны іске асыру құқықтық үйлесімділікті және құқық қолдану практикасының біркелкілігін қамтамасыз етеді.

(10/02/2026- 25/02/2026 аралығында қоғамдық талқылау)

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15760601