Ашық НҚА порталында орналастырылған ЖИЦДМ НҚА жобасы
«Бірыңғай байланыс орталығы қызметінің және Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі бұйрығының жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Түзетулер Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында енгізіледі.
Осыған байланысты «Бірыңғай байланыс орталығы қызметінің және Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 83 бұйрығының (бұдан әрі – бұйрық) кіріспесіне және көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірыңғай байланыс орталығы қызметінің және Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларының 1, 2, 3, 4, 14, 16, 17, 18, 29, 34, 35, 36, 37, 38, 39-тармақтарына өзгерістер енгізу ұсынылады.
Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі талап етілмейді.
Бұйрықтың жобасы сараптамалық қорытындылар алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15766596
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15771662