Ашық НҚА порталында орналастырылған ЖИЦДМ НҚА жобасы
Қазақстан Республикасы Үкіметі «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» қаулыны қабылдады.
Қаулы Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бастамасымен және ол 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру Шартқа, 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы Келісімге, «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 528- IV Заңына сәйкес қабылданды.
Қаулыға сәйкес «Байқоңыр» кешенінде ерекше еңбек жағдайлары үшін «Байқоңырбаланс» РММ азаматтық қызметшілерінің лауазымдық жалақыларының мөлшері өзгертіледі.
Бұл өзгерістер «Байқоңыр» кешенінің Ресей Федерациясы жалға алған мүлкінің толыққанды бухгалтерлік есебін жақсартуға және оның болуы мен сақталуын бақылауға мүмкіндік береді.
(21.11.2025-08.12.2025 кезеңінде қоғамдық талқылау)