Ашық НҚА порталында орналастырылған ЦДИАӨМ НҚА жобасы
«Қазақстан Республикасы орта білім беру ұйымдарының ақпараттық-коммуникациялық жүйелеріне кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі пилоттық жобасын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 679/НҚ және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 3 қантардағы № 1 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы».
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бірлескен бұйрығының жобасы пилоттық жоба шеңберінде Starlink технологиясын қолдана отырып, Интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз етілетін мектептердің бұрын бекітілген тізімін өзектендіру мақсатында әзірленді.
Талқылау күні: 2025 жылдың 23 қыркүйегіне дейін