Ашық НҚА порталында орналастырылған ЦДИАӨМ НҚА жобасы

«Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының мөлшерлемелерін бекіту туралы»

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 18 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын және қабылдануы 2025 жылғы 18 шілдедегі Қазақстан Республикасының Салық кодексімен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 128-ө өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 18 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілер тізбесінің 30-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы қаулы жобасы әзірленген.

Талқылау мерзімі: 12.09.2025 дейін 

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15586427