Ашық НҚА порталында орналастырылған ЦДИАӨМ НҚА жобасы

«Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының

 2023 жылғы 31 наурыздағы № 130/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрық жобасына

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 130/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі - Жоба) «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 12-тармағына, «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Жобаны қабылдаудың мақсаты – «Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 130/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығын бекіту.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) өзге де құқықтық салдарларға әкеп соқпайды және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етпейді.

Талқылау мерзімі: 19.09.2025 дейін 

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15587748