Ашық НҚА порталында орналастырылған ЦДИАӨМ НҚА жобасы
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы (бұдан әрі - жоба) Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты техникалық-экономикалық өзара ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мақсатында әзірленді.
Келісім жоғары технологиялар мен инновациялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейді.
Екінші Келісімді бекіту қосымша инвестициялар тартуға, бәсекеге қабілеттілік пен инновациялық әлеуетті арттыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және өндірістік базасын нығайтуға бағытталған. Құжатты іске асыру Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететін болады.
Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.
Талқылау мерзімі: 24 тамызға дейін
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15582145