Ашық НҚА порталында орналастырылған ЦДИАӨМ НҚА жобасы
«Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 120 бұйрығына өзгерістертер мен толықтыруларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығының жобасы.
Бұйрық жобасы «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 8-6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 96) тармақшасына сәйкес дайындалған.
Бұйрық жобасында «уәкілетті орган» түсінігіне анықтама берілген, сонымен қатар, жалға алушымен кәбілдік кәрізді пайдалануға уәкілетті органның шешімін орындау тәртібі толық қарастырылған.
Талқылау мерзімі: 24.08.2025 дейін