Ашық НҚА порталында орналастырылған ЦДИАӨМ НҚА жобасы

«Электрондық үкімет» порталы және ақпараттандыру объектілері арқылы көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу бойынша пилоттық жобаны жүргізу туралы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің және Қазақстан Республикасының ішкі істер министрінің бірлескен бұйрық жобасынатПРЕСС-РЕЛИЗ

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі мен Қазақстан Республикасының ішкі істер министрінің  бірлескен бұйрық жобасы «Электрондық үкімет» порталы және ақпараттандыру объектілері арқылы көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу бойынша пилоттық жобаны жүргізу туралы (бұдан әрі - Жоба) әзірленген. Жобаның мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру, мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыру, сондай-ақ «Электрондық үкімет» порталы және ақпараттандыру объектілері арқылы көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу мақсатында әзірленді.

Пилоттық жоба аясында «Электрондық үкімет» порталы және ақпараттандыру объектілері арқылы көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу бойынша іске асыру тәртібін алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 31 тамызға дейін қолданылады.

Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.

Талқылау мерзімі: 02.09.2025 дейін

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15577524