Ашық НҚА порталында орналастырылған ЦДИАӨМ НҚА жобасы
«Kaspi Bank» АҚ постоматтары арқылы «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру жөніндегі пилоттық жобаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бірлескен бұйрығының жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесіп, «Kaspi Bank»АҚ постоматтары арқылы туу туралы куәлікті беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа форматын енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосуда.
Жоба мемлекеттік процестерді тұрақты жетілдіру, мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігін арттыру және халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен келісуі бойынша әзірленді. Бұл Қазақстан Республикасының азаматтарына туу туралы куәліктерді барынша ыңғайлы, жылдам және қауіпсіз форматта - кезексіз және ХҚКО-ға бармай-ақ алуға мүмкіндік береді.
Ол үшін Kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы баланың тууын тіркеуге өтініш беру жеткілікті болып табылады. Құжат дайын болғаннан кейін оны жақын Kaspi постоматына жеткізеді, ол жерден оны Сіз өзіңізге қолайлы уақытта алуыңызға болады.
Жоба мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу процесін жеңілдетуге және азаматтарға арналған сервисті жақсартуға бағытталған. Бұл алғашқы қадам - пилоттық жоба Алматы қаласында 2025 жылғы 1 шілдеден басталады. Болашақта бүкіл ел бойынша кезең-кезеңімен кеңейту жоспарланып отыр.
Талқылау мерзімі: 24.07.2025