Ашық НҚА порталында орналастырылған ЦДИАӨМ НҚА жобасы

«Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 179/НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі бұйрығының жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

Жеке деректердің таралып кету қауіптерін азайту және оларды қорғау шараларын күшейту мақсатында, сонымен қатар технологиялардың жедел дамуы, киберқатерлердің артуы және жеке деректердің үлкен көлемде ағып кету фактілерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларына түзетулер әзірледі (Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы №179/НҚ бұйрығы).

Дербес деректерді жасыру және хеширлеу әдістерін енгізу, сондай-ақ қолжетімділігі шектелі дербес деректердің бір миллионнан астам жазбаларын өңдейтін дерекқор операторлары үшін қосымша биометриялық идентификация талап етіледі.

Аталған түзетулер жеке деректерді өңдеу мен сақтау процесін тиімдірек етуге, рұқсатсыз қол жеткізуден және жеке деректердің таралып кетуінен қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

                Бұйрық жобасында нормалардың күшіне енуі оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап бір жылдан кейін жүзеге асатын кейінге қалдыру нормасы қарастырылған.

          Аталған шара дербес деректерді қамтитын базалардың иелері мен операторларын талаптарға дайындау және орындау мақсатында бағытталған.

          Дербес деректерді жасыру және хеширлеу әдістерін енгізу, сондай-ақ дерекқор операторлары үшін биометриялық идентификация айтарлықтай қаржылық шығындарды талап етпейді және жаңа ақпараттық жүйені енгізуді қажет етпейді.

          Ережелерге енгізілетін толықтырулар халықаралық тәжірибе, әсіресе цифрландыру деңгейі жоғары елдерді (АҚШ, Қытай) ескере отырып әзірленді.

Қазіргі уақытта бұйрық жобасы жария талқылау сатысында тұр.

 

Талқылау мерзімі: 2025 жылдың 14 маусымына дейін 

Ссылка:https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15539488