Ашық НҚА порталында орналастырылған ЦДИАӨМ НҚА жобасы

Телекоммуникация саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы бұйрық жобасына

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі бұйрық жобасы Телекоммуникация саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы бұйрық (бұдан әрі - жоба) әзірленген. Жобаның мақсаты – телекоммуникация саласындағы әкімшілік деректерді жинау процесін ұйымдастыруға және ретке келтіруге, халықты кең жолақты Интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету деңгейін жүйелі және дәйекті есепке алуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған..

Бұйрық телекоммуникация саласындағы статистикалық деректерді жинау үшін пайдаланылатын «Халықтың кең жолақты Интернетке қолжетімділігін қамтамасыз ету деңгейі» әкімшілік деректер нысанын бекітуді көздейді.

Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.

Талқылау мерзімі: 04.07.2025 дейін

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15544143