Ашық НҚА порталында орналастырылған ЦДИАӨМ НҚА жобасы

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 195/НҚ бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Кодексінің күшін жоюға байланысты Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Кодексімен әзірленді.

Жобаны қабылдаудың мақсаты «Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 195/НҚ бұйрығының күші жойылды деп тану болып табылады.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді.

(09.06.2025 - 24.06.2025 аралығындағы қоғамдық талқылау)

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15539258