Ашық НҚА порталында орналастырылған ЦДИАӨМ НҚА жобасы
Пресс-релиз
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін және филателиялық өнімді шығару, өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 29 қыркүйектегі № 179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығының жобасын әзірледі.
Бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс қызметтерін көрсету, мемлекеттік сатып алу, көлік және пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 10 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократияландыру жөніндегі шаралар туралы» Президенттің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығына сәйкес «Пошта туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан (5-бабынан) Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін және филателиялық өнімді шығару, өткізу қағидаларын бекіту құзіреті алынып тасталды. Бұл ретте, бұл құзырет Министрлік туралы Ережеде көзделген.
Осыған байланысты жобамен бұйрықты «Пошта туралы» Заңның 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Министрлік туралы ережеге сәйкес келтіру көзделген.
(02.05.2025 – 21.05.2025 аралығында қоғамдық талқылау)
сілтеме: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15523947